Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайдағы қолдан істелетін жасанды тауық жұмыртқасы қазақстандықтарды шошытты (видео)

Желіде қолдан дайындалып жатқан тауық жұмыртқасының видеосы пайда болды. Оны сыртқы түрінен де, дәм сапасынан да шынайы түрінен ажыратып алу өте қиын екен.

фсссс

Бұл туралы “Евразия” арнасы хабарлайды.

Жасанды жұмыртқа химиялық қоспалар мен органикалық емес материалдан дайындалады екен. Ақпарат ауылшаруашылығы министрлігіне дейін жеткен.

Вице-министр Қайрат Айтуғановтың айтуынша, Қазақстан Қытайдан жұмыртқа сатып алмайды. Қазіргі таңда отандық өндірушілер елдегі нарықты толықтай қамтамасыз етіп отырған көрінеді. Экологиялық тұрғыдан таза болғандықтан, тіпті қытайлық кәсіпкерлердің өзі біздің өнімдерді белсенді түрде сатып алады.

“Тауық жұмыртқасы өнімі бойынша Қазақстан өз талабын толық қанағаттандырып отыр. 2016 жылы мәселен, отандық өндірушілер өз өнімдерін Ресей және басқа да елдерге экспорттады”, – деді вице-министр.

Оқи отырыңыз:

Қытайлық бастық қызметкерлеріне ақшадан шашу шашты (фото, видео)

Қытайда ашыққан пілдер бір ауылды басып алды (видео)

БҚО-да көшеде дәрет сындырған полицей қызметінен қуылуы мүмкін (видео)

Егеуқұйрықты тірідей жұтқан қытай жігіті желідегілерді шошытты (видео)

Талқылау