Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзімді жұлдыз сезіндім": Жазира Байырбекова мектепке бармай тұрып ән айтқан

Жазира Байырбекова мектепке бармай тұрып ән айтқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Жеңіс шоу" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Өзімді жұлдыз сезіндім: Жазира Байырбекова мектепке бармай тұрып ән айтқан

Танымал өнер иесі шығармашылық жолға еріксіз келгенін жеткізген. Әкесі кештер ұйымдастырушысы болған Жазира Байырбекова кішкентай кезінен-ақ ән айтып, халықтың алдына шыққанын жасырмады. Әкесінің арқасында талай байқауларға қатысып, өнер жолында бағын бала күннен сынап жүргенін айтты ол. 

"Кішкентай күнімде әкем ауылдан Алматыға алып келіп, әртүрлі бағдарламаларға шығарып жүргенде, өзімді жұлдыз сезіндім. Осылайша, қалай жұлдыз болғанымды байқамай қалдым. Мен мектепте оқымай тұрып, әпкелерім мен ағаларымның сыныбына барып, мереке сайын ән айтатынмын", - дейді Жазира Байырбекова. 

Мектепке бармай-ақ үлкен сахнаны бағындырып үлгерген Жазира Байырбекова өзін әнші болып туылдым деп ойлаған. Тіпті өнер иесі жұлдыз ауруымен ауырғанын да жасырмай, ашығын айтты. 

"Ауылда балабақша деген болған жоқ. Алайда, 4-5 жасымнан сахнаға шығып жүрдім. Өзімді әнші болып туылдым екен деп ойлап қалдым. Бала кезімде жұлдыз ауруымен ауырып, еркелеп, айтқанымды істетіп жүрдім", - дейді Жазира Байырбекова.  

Талқылау