Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстан прокуратурасы Қарақалпақстандағы тәртіпсіздік бойынша айыпталғандарды 18 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады

Бұхарада "билікті басып алу немесе конституциялық құрылысты құлату туралы сөз байласу" ісі бойынша сот отырысында прокурор айыпталушыны ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады. Қарақалпақстандық журналист Дәулетмұрат Тәжімұратов 18 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Газета.uz басылымына сілтеме жасап.

каракалпак митинг 2022

1-2 шілдеде Нүкіс қаласында болған наразылық шеруін ұйымдастырды деген күдікке ілінгендерді прокурорлар ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруды сұраған. Сот алдында 22 айыпталушы жауапқа тартылғанын еске салайық және олардың тек екеуінің бас бостандығын үш жылға шектеп, түрмеге отырғызбауды қалайды.

Тағы бір қарақалпақ журналисі, Нүкістегі Makan.uz басылымының негізін қалаушы Лалагуль Қаллыханованы прокуратура 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Қойылған айыптар арасында Өзбекстанның конституциялық құрылысына қол сұғушылық, жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру, тыйым салынған материалдарды дайындау секілді қылмыстар бар.



2022 жылдың 1 шілдесінде Өзбекстанның құрамындағы Қарақалпақстан автономиялық республикасының Нүкіс, Мұйнақ және басқа қалаларында Өзбекстан конституциясына енгізілген өзгертулерге қарсы халық наразылығы болған. Прокуратураның нұсқасы бойынша, Тәжімұратов және оның жақтастары билікті басып алу мақсатында тәртіпсіздіктер ұйымдастырған. 2022 жылдың шілдесінде журналист егер Ташкент конституциядан облыстың ерекше мәртебесін алып тастау жоспарынан бас тартпаса, Қарақалпақстанның елден бөлініп шығуы үшін бейбіт митинг ұйымдастырамыз деген талабын айтқан.

Қазақстанда Өзбекстан прокуратурасының сұрауы бойынша қарақалпақ диаспорасының өкілдері ұсталған. Оларға тағылған айыппен көпшілігі келіспейді себебі бұл адамдар елден шықпаған, ал істерде басқаша көрсетілген.

Ақберен Амангелді
Бейсенбі, 12 Қаңтар, 2023 13:35
Талқылау