Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қарақалпақстанда автономиялық атақ 10 жылдан бері жоқ": Сарапшылар Қарақалпақстандағы бүліктің себебін айтты

BBC журналистері Қарақалпақстандағы бүліктің себебін талқылады. Олардың ойларынша, елдегі экологиялық жағдай халық тұрмысы мен денсаулығына әсер еткен және елдің автономиялық атауы 10 жылдан бері қолданыстан шыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

1993 жылы Өзбекстан мен Қарақалпақстан 20 жылға келісімшартқа тұрып, Өзбекстанның құрамына кірген болатын. Алайда 20 жылдан соң ешқандай өзгерістер айтылмаған. Яғни сол уақыттан бері шарттың мерзімі өтсе де  Қарақалпақстанның бұдан кейінгі жоспары талқыланбаған. Тек автономия сөзі БАҚ пен ресми құжаттарда өздігінен қолданыстан шыққан. Бұл мәліметті BBC журналисі, сарапшы Ибрат Сафо да растады.

“Қарақалпақстанда автономиялық атақ 10 жылдан бері жоқ. Автономиялық туралы сөз қозғалмағанына 10 жылдан астам уақыт өтті. Ресми құжаттарда да, хаттарда да, баспасөз жиндарында да тек Қарақалпақ Республикасы деп аталды. Автаномия сөзін білдірмей алынып тасталғанына біраз уақыт болды. Бұл Ислам Каримовтың тұсында болған жағдай. Ол кезде ешкім қарсылық танытпады, бұл туралы ешкім ештеңе айтпады”,- деді ол. 

Сонымен қатар журналист қарақалпақтардың неліктен бас көтергенін себебін айтты. Оның пікірінше, биліктен халыққа ашық ақпарат пен дұрыс байланыс болмаған.

“Қарақалпақтардың кейбір белсенділері Конститутцияға енгізіледі деген кейбір өзгерістер туралы деректерді ғаламтор желілерінен көрген. Кейін ақпаратттың анық-қанығына көз жеткізбестен, адамдар бір-біріне жіберіп, мемлекеттік ресми деректер болмағандықтан, олар Қарақалпақстанды республика дәрежесінен алынып, жай облыс ретінде жасамақшы деп қорыққан. Олар егер Өзбекстанның 12 облысы сияқты дәрежеге түссек, биліктен, құқықтан айырыламыз деп топшылаған.



Осыдан соң адамдар желілерде, түрлі орындарда, бұл өзгеріске қарсылықтарын білдірген. Ресми деректердің халыққа дұрыс жеткізілмеуінен заңға өзгерту енгізу туралы ұсынысты көпшілік басқалай қабылдаған. Олар өздерін құрметтемейтіндеріне, айтып, түсіндіретін жан болмағанына, ең болмағанда ел депутаттарының келіп ақпарат бермегеніне реніштерін жеткізді”,- деп қосты Сафо.

Ибрат халықтың ұзақ жылдар бойғы тұрмыс жағдайы мен әлеуметтік, экологиялық мәселелері, денсаулығының нашарлауы сияқты түрлі факторлардың да бұл бүлікке негіз болғанын жеткізді.

“Қарақалпақтар қызуқанды халық деген пікірге келіспеймін. Олар мәдениетті, адамдары ашық, тату, бауырмал ел. Оларды тек экологиялық, әлеуметтік жағдай осындай күйге түсірген. Каримов кезінде де жағдайды дұрыстауға тапсырмалар берілген. Алайда жемқорлықтың нәтижесінде жағдай өзгеріссіз қалып, салдарынан осылайша халықтың ұзақ жылдар бойғы шыдамының шегі таусылған”,- деді сарапшы.

Осы орайда сарапшы, BBC журналисті Наргиза Рысқұлова Өзбекстанның қазіргі басшысының қарақалпақтардың жағдайына көп көңіл бөлгенін айта кетті.

“Каримовке қарағанда Мирзиёев Қарақалпақстан аймағын дамытуға баса назар аударды. Өз кезегінде Каримов Қарақалпақстанды ең кедей облыс ретінде көріп, мемлекет қаржысын оларға бөлмеген еді. Ал Мирзиёев керісінше бұл өңірлерді дамытуға күш жұмсап, қаржы бөлуге тырысты. 2017 жылы барғанымда соның нәтижелері көрініп тұрды. Мәселен, қоқыс өңдейтін зауыттың құрылысы, Арал теңізін қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатты”,-деді Рысқұлова.

Сонымен қатар ол Өзбекстан мен Қазақстанның байланысын да мысал етті.

“Өзбекстан – Қазақстанның сауда бойынша Азиядағы үлкен серіктесі. Тоқаев Қарақалпақстандағы жағдайдан соң Өзбекстан президентіне бірінші хабарласып қолдайтынын айтты. Қазақ БАҚ құралдары да Қазақстандағы қарақалпақ оппозициялық белсенділерін ұстап жатқанын жеткізген болатын. Қазақстан қаңтар айында дәл осындай дүмпуді басынан өткерген болатын”, - деп қорытындылады Наргиза Рысқұлова.

Талқылау