Өзбекстан мен Қазақстан шекарасында контрабандалық көліктер ұсталды
Өзбекстаннан Қазақстанға кіре берісте контрабандалық көліктер ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"2022 жылғы 19 наурызда "Б. Қонысбаев" өткізу пунктінде (Түркістан облысы), Өзбекстаннан Қазақстанға кіретін көліктерді тексеру кезінде шекара наряды үш жүк көлігін ұстады. Олардың ішінде ілеспе құжаттары жоқ 6 шетелдік жеңіл көлік болған.
Контрабанданы өткізу әрекеті үшін Қазақстан азаматтары ұсталды. Тауардың алдын ала бағалау құны 70 млн теңгені құрайды", - делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасында.
Ұсталған жүк Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылады.
Күйеуінен таяқ жеген әйелді құтқарғаны үшін ажал құшқан полицейдің жан жары оқиғаның мән-жайын айтты
Күдікті өз гаражында оны айуандықпен, азаптап өлтіріп, орап, үстіне шөптерді үйіп тастаған
Алматылық ерлі-зайыпты заңгерді өздеріне шабуыл жасап, қоқан-лоқы көрсетті деп айыптады
Автор: "Бізді біреу өлтіріп кетсе, оның кім екенін білесіздер”