"Өте әдемі халық": Cеулде ұлттық киім киген қазақ қызы кореялықтарды тәнті етті (видео)
Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында фотограф Аңсар Рахманқұлов ұлттық көйлек киген қазақ қызын фотоға түсірген сәті жергілікті халықтың таңданысын тудырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеокадрдан алынған
Видеокадрда фотограф қазақ қызына көпшілік тоқтай қалып, оның ұлттық киімі мен іс-қимылына, сонымен қатар оның әдемілігіне қызыға әрі тамсана қарағанын айтады.
Бұдан қалды ол өзі фото түсіріп жатып, құлап қалғанын айтып мәз болды.
Ал видеоны көрген оқырмандар да бір-бірімен жарыса пікір алысты.
“Қазақтың феномен екенін жоққа шығаруға болмайды! Осы құбылыстың арқасында Аңсар да құбылысқа айналды!”, “Фотограф жарайсың!”, “Қазақтар өте әдемі халық. Ал тағамдары ұлттық, киімдері, жалпы қыздарын айтсаңшы! Қыз өте сұлу, ұлттық киім оған өте жарасады екен. Әрине Аңсар өте кәсіби фотограф, сұлулықты ерекшелеуді біледі”, “Мен қазақ қыздарына қайран қалам”, “Қазақтар барлық жерде”, “Қандай әдемі көйлек”, – деп жазды желі қолданушылары.
Еске салайық, 16 мамырда Алматыда әлемге белгілі америкалық әнші әрі биші Николь Шерзингердің жеке концерті өтті. Желіде жұлдыздың арбада отырған алматылық жігітті сахнаға шақырып, кейін ән шырқаған сәті көпшілікті қуантқаны жайлы жазған едік.