Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде анасы 2 жасар баласын өртеніп жатқан үйде ұмытып өзі қашып шыққан

Өскеменде жер үйде шыққан өрттің салдарынан екі жасар ер бала қаза тапты. Өрт шыққан кезде анасы өзі үйден жүгіріп шығып, баласын ұмытып кеткен, деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті.

1666489

Департаменттің ақпаратына сүйенсек, өрт шықпас бұрын үйдің иесі бөтелкелес достарымен ішімдік ішкен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер әйел мен жиналған жұрттан отқа оранған үйде кімдер барын сұрайды. Бірақ әйел үйде ешкімнің жоқтығын айтқан. Кейін өртті сөндіріп жатқан кезде бөлмелердің бірінен баланың денесі табылады.

“Барлығы өртеніп кетті. Өрттің аумағы 120 шаршы метрді құрады. От көрші үйге де тарап, шатырына тиіп кеткен. Өрт сөндірушілер көршілердің үйін аман сақтап қалып, өрттің әрі қарай таралуына жол бермеді”, — дейді Өскемен қаласы төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері Ержан Батуханов.  Әйелді полиция қызметкерлері алып кетті.

Жіберіп алмаңыз:

20 жастағы қандықол жас баланың етін жеп жатқан сәтте ұсталды (фото)

Ақмола облысы тұрғыны адам өлтіріп, денесін қоқысқа тастай салған

Адам өлтірген Қарағанды тұрғыны жарты сағат ішінде ұсталды

Көкшетауда «Ирония судьбы или С лёгким паром!» фильмінің сюжеті қайталанды

Талқылау