Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Металлургияға 50 балмен түсуге болады": Биыл қазақстандық талапкерлер қанша балмен грант иесі атанды

грантқа неше баллмен түскен

Фото: Pixabay.com

2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру грантын 77 мыңнан астам талапкер жеңіп алған еді. Stan.kz тілшісі талапкерлер қай мамандыққа төмен баллмен грантқа түсе алғанын немесе қандай сала үшін өте жоғары балл қажет болғанын тексеріп көрді. 

2025 жылғы мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына 113 мыңға жуық өтініш қабылданған, оның 77 мыңы грант иегері атанды. Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек биылғы конкурсқа өтініш берушілер саны өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға көп болғанын және бәсекелестік өте жоғары болғанын атап өтті.

Грантқа түсу үшін өте жоғары балл қажет ететін мамандықтар

Әдеттегідей ең аз грант “Халықаралық қатынастар” мамандығына бөлінді. Бұл мамандыққа грантқа түскен бірінші талапкер 138 балл алса, ал ең азы 128 балл алды. Ал “Аударма ісі” мамандығына түскендердің алды 139 баллмен, соңы 126 баллмен түсті.

“Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі” бойынша оқу үшін де жоғары балл жинау керек. Ең алдындағылар 130 баллмен, ал ең төмені 123 баллмен өтіпті. Ауыл квотасы арқылы 121-мен түсу мүмкіндігі болған. 

Биыл “Дінтану” мамандығында грантқа оқу үшін максимум 130, минимум 122 балл жинау керек болды. Ауыл квотасымен 120 баллмен өткен. “Филология” үшін де максималды балл – 137, ал минималды балл – 120. 

Журналистика” мамандығы бойынша ең жоғары балл 130 болса, ең соңғылары 126-мен өткен. Ал ауыл квотасы арқылы 122 баллмен өтуге болады. 

“Құқықты” таңдағандар грантқа түсу үшін максималды 135 балл, ең аз дегенде 119 балл жинауы керек еді. “Қаржы, экономика және сақтандыру ісі” мамандығына 139-117 балл жинағандар грантқа түсті. 

“Маркетинг” бойынша грантқа түскен талапкерлер 133 балл, ең азы 114 балл алған.

 Аз баллмен грантқа түсуге болатын мамандықтар

“Фармацевтикалық өндіріс технологиясы” мамандығына түсу үшін 88 балл жеткілікті болды. “Электр техникасы және автоматтандыру” мамандығы бойынша грантқа 85 балл жетті.

  • “Қоршаған орта” – 73 балл, ауыл квотасымен 68 балл;
  • “Жер туралы ғылым” –  72 балл;
  • “Қала құрылысы” – 72 балл;
  • “Азық-түлік өнімдерінің өндірісі” – 69 балл, ауыл квотасымен 64 балл;
  • “Стандарттау сертификаттау және метрология” –  69 балл;
  • “Ақпараттық қауіпсіздік” – 71 балл;
  • “Электр техникасы және электроэнергетика” –  62 балл;
  • “Ветеринария” – 62 балл, ауыл квотасымен 56 балл;
  • Ақпараттық технологиялар – 65 балл;

Тіпті 50 баллдан сәл асырған талапкерлер мына мамандықтарға грантқа түсе алған:

  • Тау-кен өндірісі  – 58 балл;
  • Материалтану және технологиялар – 54 балл;
  • Мал шаруашылығы – 56 балл, ауыл квотасымен 51 балл;
  • Химиялық инженерия және процестер – 51 балл;
  • Магистральды желілер – 55 балл;
  • Механика және металл өңдеу – 52 балл;
  • Теңіз көлігі және техникалар – 50 балл;
  • Металлургия – 50 балл.

Грантқа түскен мамандықтар

Мұғалімдікке таңдағандар қанша балл жинауы керек?

“Педагогика” мамандығына грантқа түскендер 123 баллдан 98 балл жинаған. Ал ауыл квотасымен 84 баллмен түскен. “Мектепке дейін оқыту” – 82 балл, ауыл квотасымен – 76 балл.

“Бастауыш пәнінің мұғалімі” мамандығына бойынша мемлекеттік грант иегері атанғандар кемі 91 балл алды. Ал ауыл квотасымен түскендер 83 баллмен түсті. 

Математика – 106 балл, ауыл квотасымен 91 балл;

Физика – 105 балл, ауыл квотасымен 85 балл;

Информатика – 75 балл;

Орыс тілі – 93 балл, ауыл квотасымен 75 балл;

Әлеуметтік мұғалім – 75 балл;

Тарих – 107 балл.

“Психология” мамандығына грантқа түскендер 136 баллдан 99 балл аралығында жинаған.

Ал медицина саласы бойынша әр университетте грант бөлек-бөлек қарастырылған. Медицинаға ең кемі 112 баллмен, ауыл квотасы арқылы 103 баллмен түсті.

Қырмызы Скендирова
Сәрсенбі, 13 Тамыз, 2025 17:11
Талқылау
`