Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адам өлтірген Қарағанды тұрғыны жарты сағат ішінде ұсталды

Полиция қызметкері кісі өлтірген 22 жастағы ер адамды жарты сағат ішінде ұстады деп хабарлайды Қарағанды облысы ішкі істер департаменті.

information_items_20244
27 ақпан күні сағат таңғы төрт кезінде пышақ жарақатынан қаза болған адамның денесі табылып, бүкіл полиция қызметкерлеріне хабарланды. Қылмыскерді іздеуге қаланың бүкіл патрулдік экипаждары мен кинологиялық қызмет жұмылдырылған. Қызметтік иттердің бірі қылмыскердің ізіне түсіп, нәтижесінде дөңгелек іздері мен басқада көмекші айғақтар табылды. Бұл күдіктіні ұстауға септігін тигізген.

“Қылмыс жасалғаннан кейін жарты сағат ішінде №1125 автопатруль қызметкерлері 22 жасар қала тұрғынын ұстады. Ол 27 жастағы ер адамды өлтіргенін мойындады”, — деп хабарлайды ведомство.

Жіберіп алмаңыз:

Ақмола облысы тұрғыны адам өлтіріп, денесін қоқысқа тастай салған

ШҚО-да құлаған тікұшақ Тұрлыхановтар отбасына тиесілі болып шықты

Көкшетауда 70-ке таяған ерлі-зайыпты немере-шөбересімен 7 жылдан бері қоймада тұрып келеді (фото)

Талқылау