Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Оңбаған шайтандар”: Таразда сот бұрынғы әйелі мен құрбысын балағаттаған ер адамды ақтап шықты

Фото: istockphoto.com

Тараз қаласының №2 сотында қорлау дерегі бойынша қызықты қылмыстық іс қаралған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сот мәліметінше, ортақ үш баласы бар бұрынғы ерлі-зайыптылар соттасқан.

Жәбірленушілердің айтуынша, ер адам өзінің бұрынғы әйелі мен оның құрбысының бірге суретін мессенджерлердің біріне "оңбағандар (шайтандар) жиналыпты" деп жазып қойған. Әйелдер бұл әрекетті өздерінің абыройы мен қадір-қасиетін төмендету деп санап, сотқа жүгінді.

Сотталушы өз кінәсін мойындамай, жазбаны мүлік дауына байланысты бұрынғы әйелі қолдан жасады деп мәлімдеген.


Қазақстандық әйел никаб кигендерден автобустан түсуді талап еткен: Желі қолданушылары оның әрекетін талқылап жатыр

"Жамағаттан ақша жинатқызып, кейін балағаттайды": Түркістандық азаншы бас имамның мешітке келмейтінін айтып шағымданды


Сот психолого-филологиялық сараптама тағайындаған, сараптама "оңбаған" және "шайтан" сөздерін қорлаушы деп таныған, бірақ әдепсіздік емес екенін айтқан. Сот бұл сөздердің әдеби сипатқа ие екенін және олардың балағат сөздерге жатпайтынын айтып, сондықтан қылмыстық құқық бұзушылық белгілері жоқ екенін атап өтті.

Осылайша сот сотталушыны кінәсіз деп танып, қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмағандықтан ақтау туралы үкім шығарды.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 13 Қазан, 2025 21:13
Талқылау