Дінмұхамед Қашкен өзіне қатысты айтқан сындарға жауап берді

Фото:instagram.com/kff_team
“Жетісу” футбол клубының қорғаушысы Дінмұхамед Қашкен жақында Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алған болатын. Алайда бұл жаңалық әлеуметтік желіде қызу талқыланып, бірқатар желі қолданушылары футболшының құрамаға қосылуына наразылық танытқан еді. Осы жайттан кейін Дінмұхамед Қашкен өзіне қарсы айтылып жатқан сындарға қатысты пікірін білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
“Хейт туралы айтсам... Ол әрқашан болады. Бұл — қалыпты жағдай. Әр адамның өз пікірі бар. Мен мұның бәріне сабырмен қараймын және өз ойыныммен дәлелдеуге тырысамын. Маған мүмкіндік берілсе, иншаАлла, сол сенімді ақтауға тырысамын.
Бас бапкер маған үлкен аванс берді деп ойлаймын. Талғат Мәруанұлы мені алғаш рет Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына шақырған. Ол кезде менің жасым 22-де еді. Бұл жолы да сенім білдіріп отыр — енді барымды саламын”, — деді Қашкен журналис Айбек Намазбайға берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, Димаш Қашкен 5 қазан күні алматылық “Қайратқа” қарсы өткен матчта сынның астында қалған еді. Алайда соған қарамастан, қорғаушы ұлттық құрама қатарына ілігіп отыр.
Талқылау
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді
Отандасымыз жат жерде жүрсе де қазақ елінің дәстүрі мен құндылықтарын күнделікті өмірде сақтауға тырысып жүргенін жеткізді
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”

