Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жамағаттан ақша жинатқызып, кейін балағаттайды": Түркістандық азаншы бас имамның мешітке келмейтінін айтып шағымданды

шардара мешіті, азаншыФото: Видеодан скрин / Азаншы Жүніс Сартаев

Түркістан облысы, Шардара ауданындағы Қонар ата мешітінің азаншысы Жүніс Сартаев бас имам Марат Асановтың жамағаттан ақша жинауға мәжбүрлейтінін және діни қызметкерлерге қысым көрсететінін мәлімдеді. Азаншының айтуынша, бас имам кей кездері қызметкерлерін балағаттап, қорлайтын көрінеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жүніс Сартаев бас имам діни қызметтерді сирек атқарып, телефонда жататынын айтады. 

"Бұл кісі мені ауданға шақырып, мен 1 жыл 8 айдан бері сонда қызмет етіп жүрмін. “Сенің даусың жақсы, Құран оқуың жақсы, уағызың ұнайды, менің қасымда жүр, қолдау білдіремін” деп шақырған. Мешітте азан шақырамын, кейін имамдыққа шығамын. Апта сайын жұма намазына қатысамын. Сыртта жаназа шығарамын. Талай бауырлардың некесін қидық, кейбіріне дем салдық. Дін ісіне белсенді араласып жүрміз. Бірақ осы 1 жыл 8 ай ішінде бас имамды мешітте көрген емеспін. Жұма немесе құптан намазына шыққанын да байқамадым. Бір жылда екі-үш рет қана уағыз айтқанын көрдім. Ал қалған уақытта мешіттің жанындағы кеңседе отырып, телефон шұқылап жатады", – деді имам Жүніс Сартаев.

Оның айтуынша, мешіттің ай сайынғы коммуналдық төлемдері келген сайын бас имам Марат Асанов қысым көрсетіп, жамағаттан онлайн түрде ақша жинауды бұйырады.

"Жамағаттан жиналған чектер менде тұр. Бірақ кейін жамағат бізге ренжіп: “Неге садақадан немесе медресенің құрылысына жиналған ақшадан төлемейсіңдер?” деп сұрайды. Бас имамнан барып сұрасақ, ол шәкірттеріміздің көзінше бізді балағаттайды. Қатты сөз айтып, ұрысқан кездері бар. Оған куәгерлерім де бар. Кейін біз ештеңе дей алмай қалдық. Бұл мәселе туралы Түркістан облысының өкіл имамына да айттым, бірақ ол да ешқандай шара қолданған жоқ. Сондықтан еліміздің бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлынан көмек сұраймын. Осындай садақадан түскен ақшаға араласуға тыйым салып, “оның 30%-ын мүфтиятқа жібереміз” дейтін, бізге қысым көрсететін имамға шара қолдануыңызды өтінемін", – деді Жүніс Сартаев.

Ал Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, Асановқа тексеріс жүргізіліп жатқанын және оның қазір қызметінен босатылғанын хабарлады.

"Аталған видеодағы адам Діни басқарма қызметкері емес және имамдық лауазым атқармайды. Сондықтан оның айтқандарына қатысты пікір білдіре алмаймыз", – делінген ресми мәлімдемеде.

Бұл ақпаратты мәдениет және ақпарат министрлігі де растады. Ведомство өкілдері бейнежазбадағы ер адамның қарапайым мешіт жамағаты екенін және имам емес екенін мәлімдеді.


"Қатаң ескерту жасадық": Бас Мүфти даулы пікір білдірген имамдар мен уағызшыларға қатысты айтты


Әнші Рүстем Жүгінісовке діни алауыздық туғызғаны үшін 79 мың теңге айыппұл салынды


Еске салайық, бұған дейін қазақстандық блогер Аякөз Асқарова “қасиетті дұғаны” 1000 теңгеге сата бастаған. Ол дұғаның өзіне көмектескенін айтып, оқырмандарына ұсынған. Бұл әрекет қоғамның сынына ұшырап, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дұға сату шариғатқа қайшы екенін мәлімдеді.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 08 Қазан, 2025 14:48
Талқылау