Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Он жылдан кейін қайтадан пайда болады": Экстрасенс 12 жыл бұрын коронавирус туралы айтып кеткен

Әлеуметтік желіде америкалық экстрасенс Сильвия Браунның 2008 жылы басылған End of Days кітабы танымал бола бастады. Ол жерде 2020 жылы пневмонияға ұқсас вирустық аурудың ауыр түрі пайда болатындығы туралы айтылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Snopes сайтына сілтеме жасап.

Кітапта көріпкел ауру бүкіл әлемге таралып, өкпе мен кеңірдек қабынуына әсер етіп, барлық емдеу әдістерінің күші оған жетпейді деген.

«Аурудың өзі түсініксіз. Кенеттен пайда болып, өз уақытында тез жойылады. Бірақ ол он жылдан кейін қайтадан пайда болады. Содан кейін ол толығымен жойылады», - деп жазған экстрасенс 2008 жылы.

Реалити-шоу жұлдызы Ким Кардашьян Twitter парақшасында Браунның суретін бөлісті. 

Браунның бұл болжамы аян немесе дұрыс екендігі белгісіз. Жалған болжам айтқаны үшін бірнеше рет сынға ұшыраған еді. Мәселен, Джордж Буш 1992 жылғы президенттік сайлауда Билл Клинтонды жеңеді деп сендірді. Кейін Браун Билл Брэдли 2000 жылы президенттік сайыста жеңеді деп мәлімдеді. Алайда Джордж Буш Ақ үйдің басшысы болды. Сондай-ақ, медиатор 2001 жылғы 11 қыркүйекте болған оқиғаны болжай алмады деп айыпталды. Браун болжамынан 11 жыл бұрын қайтыс болған.

Сильвияның болжамынан басқа, 1981 жылы жазылған Дин Кунцтің The Eyes of  Darkness триллері әлеуметтік желілерде талқылануда. Кітапта адам қолынан жасалған «Ухан-400» деп аталатын штамм сипатталған. Еске салайық, Қытайдың Ухань қаласында желтоқсан айының соңында коронавирус ауруы басталған болатын. Кітаптан үзінді қолданушы Twitter-де жариялады.


Тағы оқыңыз

Талқылау