Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өмірзақ Шөкеев: Атқарылып жатқан жұмыстар мен мәліметтер шынайы әрі ашық болуы керек

Арыста атқарылып жатқан жұмыстар мен мәліметтер шынайы әрі ашық болуы керек. Аймақ әкімдігіндегі жиында Өмірзақ Шөкеев қоластындағыларға осындай тапсырма берді.

Арыстағы қираған үйлерді қалпына келтіруге 20 млрд теңге керек

Ал, алапат жарылыстан астаң-кестеңі шыққан шаһар біртіндеп қалыпқа келуде. Бүлінген алты мыңнан астам үйдің 500-ден көбі жөнделген. Бұған 41 құрылыс компаниясы мен төрт мыңнан астам жұмысшы тартылған. Олар жұмысты 1 тамызға дейін аяқтауы тиіс. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әскери бөлімнің қоймасынан атқылаған снарядтар Резниковтер отбасын далада қалдырды. Бір емес екі бірдей жарықшақ үйінің күл-талқанын шығарған. Осы күні зайыбы екеуі ауладағы моншада тұрып жатыр. Ал, қираған баспананың орнына жұмысшылар жаңа үйдің құрылысын бастап кетіпті.

"Бірінші снаряд жатын бөлмеме түсті. Жарықшағы қабырғаларды қиратып жіберген. Менде суреттері де бар. Үйдің сызбасын жасап берді. Енді орнын тегістеп, ірге тасын қаламақшы. Тездетіп, құрылысты аяқтауға әуде берді. Облыс пен Арыс қаласының әкіміне алғыс айтамын", - дейді тұрғын Александр Резников.

Қазір Арыста тіршілік қайнап тұр. Қираған, бүлінген нысандарды қайта қалпына келтіру ісі жүріп жатыр. Алты мыңнан астам тұрғын үйдің 434-і жөнделіпті. Қалған төрт жарым мыңы апта соңында аяқталады. 149 баспана жаңадан тұрғызылады. Оған 4 мыңнан аса жұмысшылар мен 41 құрылыс компаниялары жұмылдырылған. Арасында арыстық ағайынның өздері де бар. 

"Үйлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жерде бірінші кезекте жанып кеткен және толығымен зақымдалған адам тұруға жарамсыз үйлерді бірінші кезекте қалпына келтірілетін болады. Содан кейін қалған үйлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады", - деді қала әкімі Мұрат Қадырбек. 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың сөзінше, үйлердің моноторингі мен құрылыс барысын бақылау сәт сайын қадағаланып отыр екен. Әзірге, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай мен СҚО жұмысты ширату қажет. Оның үстіне, ауа-райы 40 градустан жоғары. Өзге өңірден барған құрылысшыларға оңай соқпай тұрған көрінеді. 

Күні кеше арыстық 100 бала мектеп формасы мен сабаққа қажетті заттармен қамтылды. Барлығы 2 млн 700 мың теңгенің сыйлықтары оқушылардың ата-аналарына Әліби Жанкелдин мектебінде табысталған. 

Төрехасан Оспановтың баспанасы әскери бөлім аумағына орналасқан. Жарылыстың алғашқы күнінде-ақ, үйі жарамсыз болып қалған. Үш күннен бері мұнда павлодарлық құрылысшылар еңбек етіп жүр. Бірақ жұмысшылардың ісіне қарияның көңілі сәл толмай тұр. 

"Ләжі болса, шатырды ашып, тікесінен жауып бергені жақсы-ау деп ойлаймын мен. Ертеңгі күні өзім тұрамын, бала-шағам тұрады. Бұлар кетіп қалған соң, кімге айқайлап, кімге жар саламыз?", - деді тұрғын Төрехасан Оспанов. 

Ал, Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери мамандардан құралған 42 топ Арыстың маңындағы 10 шақырым аумақты оқ-дәрілерден тазартып шыққан. Сондай-ақ, қаладан 60 шақырымдай аумақтағы арнайы полигонда күнделікті сағат 9 бен 18.00 аралығында оқ-дәріні жою жұмыстары жүргізіледі. Сондықтан алаңдауға негіз жоқ дейді.
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр