Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өмірде бір рет болатын сәт": Пілден қашқан қабылан талға шығуға мәжбүр болды

Оңтүстік Африка Республикасының Мадикве қорығында ызалы пілден қашқан қабылан талға шығып кетуге мәжбүр болды. Піл жыртқыштан өз табынын қорғамақ болған. 60 жастағы фотографтың еңбегіне Daily Mail басылымы назар аударды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қызықты сәт фотограф Кевин Дулидің назарына ілікті. Суреттерден пілдің жыртқышқа қарай бет алғанын көруге болады. Қабылан пілдің бойы жетпейтіндей бұтаға орналасып алған. Ал піл тұмсығымен оған жетуге тырысқан. Біраз уақыт бойы оның түсуін күткен.

"Піл қабыланды бір мильден сезіп қойды. Ол ағашқа жақындап, жыртқышты лақтырмақ болды. Бірақ ол бой бермеді. Осы сәтке 1-1.5 сағат бойы қарап тұрдым", –  дейді фотограф. 



Дулидің айтуынша, жабайы табиғат әлемінде қабыланды табу оңай емес. Ал оның пілмен қарсыласқанын көру – өмірде бір рет қана болатын оқиға. 
"Бұл сәтке куә болғаныма өзім сене алмадым", –  деді америкалық фотограф. 

Жабайы табиғат әлемінде пілдер арыстан мен қабылан сияқты жыртқыш аңдарға өзінің табынын қорғау үшін шабуылдайды. Әдетте табын саванна арқылы өткенде жануарлар өзара тілдеседі. Төмен дауыс шығарып, олар қауіп төніп тұрғанын білдіреді. 
 

Талқылау