Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Cу тасқынынан зардап шеккен 61 мыңнан астам қазақстандық үйлеріне оралды

Қазақстанда cу тасқынынан зардап шегіп, эвакуацияланған 61 мыңнан астам адам үйлеріне оралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі басым бөлігі үйлеріне кетіп жатқандарын мәлімдеді.

"61 155 адам үйлеріне оралды. 5443 адам эвакуациялау орталықтарында қалды", – делінген хабарламада.

Су тасқыны басталғалы бері 21,6 миллион текше метрден астам еріген су сорылған.



"11 317 тұрғын үй мен 3 573 аула аумағынан су сорылды. 21,6 миллион текше метрден астам су сорылып, 7,9 миллион қап пен 1,5 миллион тонна инертті материал төселді", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, су тасқынынан зардап шеккен Құлсары тұрғындары Жылыой аудандық әкімдігінің алдына түнеп шыққан еді. Олар әкімдіктің үйдің шаршы метріне 200-240 мың теңгеден беріледі деген талабына келіспей, шаршы метріне 400 мың теңгеден есептелуін талап етті. Талап орындалмаса, Теңізге баратын жолды жабуға ниетті.

Талқылау