"Ерекше құбылыс": Маңғыстауда қорықтағы камераға сирек кездесетін қабылан түсіп қалды
Үстірт қорығындағы қақпан-камераларға сирек кездесетін қабылан түсіп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ғалымдардың пайымдауынша, жануар Маңғыстау облысына Түрікменстаннан келген.
Кадрларда жыртқыш жеңіл жүріспен алға жылжиды және өзін бақылап отыр деп күдіктенгендей, ақырын артқа бұрылады, кейін қайта жүріп кетеді.
Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter-дегі парақшасында біздің елде мұндай қонақ ерекше құбылыс екенін жазды.
Әлемде бұл қабыланның мыңнан сәл астам түрі бар. Қазір мамандар Қазақстанның Қызыл кітабына қабыланды енгізу бойынша биологиялық негіздеме дайындап жатыр.
На территории Устюртского государственного природного заповедника замечен переднеазиатский леопард. Пятнистый хищник попал в объектив фотоловушки. Предположительно, на территорию заповедника леопард проник из соседнего Туркменистана. pic.twitter.com/Ee50ocBP70
— Magzum Mirzagaliev (@MirzagalievKZ) November 23, 2020
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн