Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олжас Құдайбергенов президенттің штаттан тыс кеңесшісі қызметінен босатылды

Олжас Құдайбергенов президенттің штаттан тыс кеңесшісі қызметінен босатылды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Олжас Худайбергенов

"Олжас Құдайбергенов Қазақстан Республикасы президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі қызметінен босатылды. Мемлекет басшысы Олжас Әбдімәлікұлына экономиканы дамыту жөніндегі ұсыныстары үшін алғысын білдірді", - деп жазды Берік Уәли Facebook-те.

Экономист Олжас Құдайбергенов бұл қызметте 2019 жылдың 7 желтоқсанынан бастап жұмыс істеді.

Өзінің жұммыстан босатылуы жайлы Құдайбергенов әлеуметтік желідегі парақшасында жазып кетті. 

"Өткен жылы кездесу барысында президент мені штаттан тыс кеңесшісі болуға шақырды. Бірақ сол кезде бұл қызметті тек жарты жыл ғана атқаратынымыды айтты, содан кейін қайта ротация болады деді. Мен маусым айында кетемін деп ойлап жүргенмін. Бүгін маған президент әкімшілігінен хабарласып, жағдайды айтты. Істеген жұмысым үшін алғыс білдірді. Енді мен президент кеңесшісі емеспін", - дейді ол. 

Сөзінше, бұл лауазымды атқару барысында ешқандай жалақы төленбеген, еңбек шарты жасалмаған. 

"Әрине, бұл дәрежелі қызмет. Десек те мен ешқашан да өзімнің қызметімді асыра пайдаланғым келмеді. Біреулер мені шенеуніктерге де теңестіріп жатты. Менің мақалам жарияласам, өз атымнан беруге тырыстым. Президент кеңесшісі ретінде пайдалы істер жасай алдым деген үміттемін. Ары қарай да солай болады деп сенемін", -дейді Құдайбергенов. 

Олжас Құдайбергенов соңғы кездері коронавирус пен пневмонияға қатысты жағдайларға алаңдаушылық білдіріп, желіде статистиканы сынға алды.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 20 Шілде, 2020 12:42
Талқылау