Планшетін сатқысы келген ақтөбелік келіншек 100 мың теңгесінен айырылды
Ақтөбелік келіншек OLX сайты арқылы гаджетін сатамын деп 100 мың теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
35 жастағы әйел планшет сатқысы келген. Ол OLX порталына фотосын және бағасын жариялаған. Біраз уақыттан кейін бір кісі хабарласып, тауарды рәсімдеу керек екенін айтқан.
"Содан сатушының сеніміне кіріп, WhatsApp мессенджері арқылы сайттың сілтемесін жіберген. Сол жерде тауарды рәсімдеу керек деді. Сатушы әйел сеніп, сайтта жеке мәліметтерін енгізген. Ақырында банк картасындағы барлық ақшасы – 100 мың теңгеден айырылды", – дейді полицейлер.
Алматы облысында автобус 8 автокөлік пен трактормен соғысты
Қазіргі кезде күдіктіні анықтау және ұстау бойынша шұғыл шаралар басталды.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ