Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ол небәрі 20 жаста, қорқып кеткен": СІМ Кореяда баланы қаққан қазақстандық жігіт туралы

Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Оңтүстік Кореяда баланы қағып, қашып кеткен қазақстандық жігіттің аталған мемлекетке өз еркімен қайтып барғанын растады. Қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяда қазақстандық азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалған. Алайда Смадияров жас жігіттің әрекетіне қатысты алдын ала тұжырым жасамауға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

Айбек Смадияровтың мәліметінше, қазіргі уақытта қазақстандық жігіт Чанвон қаласындағы тергеу изоляторында отыр. 

«Тергеу амалдары басталды. Бүгін біздің консулымыз тергеушімен және қазақстандық азаматпен кездеседі. Оның барлық құқығы қорғалып, сақталуын қадағалайтын боламыз», - дейід СІМ-нің ресми өкілі.

Сонымен қатар Смадияров қазақстандық жігіттің әрекетіне қатысты алдын ала тұжырым жасамауға шақырды.

«Қорғаушыны Корея тарапы мемлекет есебінен ұсынады немесе ол азамат қалаған жағдайда, біз оның есебінен жақсы қорғаушы тауып береміз. Алдын ала тұжырым жасаудың қажеті жоқ. Бәрі тергеу барысында анықталады. Сот өтеді. Қылмыстық іс қозғалған», - дейді Смадияров. 

Сондай-ақ, ол қазақстандық жігітті қандай жаза күтіп тұрғаны тергеушімен кездесуден кейін белгілі болатынын айтты. Смадияровтың сөзінше, күдікті Оңтүстік Корея аумағында бір жылдан астам уақыт заңсыз жүрген. 

«Ол қылмыс кезінде қорқып, қашып кеткен. Небәрі 20 жаста.  Сондықтан қашқан. Алайда артынша жағдайдың күрделілігін түсініп, Кореяға қайтып барды», - дейді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында 20 жастағы қазақстандық жігіт үйіне кетіп бара жатқан 7 жасар баланы қағып кеткені хабарланған еді. Алайда ол ертесі күні мемлекеттен кетіп қалған. Ал бала апат салдарынан ауыр жарақат алған. Оның миына қан құйылып, бас сүйегі сынған көрінеді.

Артынша қазақстандық жігіт Оңтүстік Кореяға өз еркімен қайтып оралды.


Тағы оқыңыз >>>

Оңтүстік Корея туралы 70 мәлімет

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Депутат зейнетақы жинағын қазақстандықтардың бәрі ала алмайтыны айтып қынжылды

Жамалов: Тұрғын үй немесе білім алу үшін жинақталған зейнетақы бәріне берілмейді

2020 жылы 4 баладан көп отбасына жәрдемақы қалай төленеді

Квартал сайын мекен-жай бойынша көмек көрсетіледі

Сауыншылар азайып жатыр: Еңбек министрлігі жәрдемақының кері тұстарын айтты

Нұрымбетов: Адамдар жәрдемақы алу үшін жұмыс істеуден бас тартады

"Күтіп баптауға 50 миллион теңге кетеді": Қостанай облысының әкімі өзінің 14 таңдаулы жекежайда тұруы жайлы сөз қозғады

Айтуынша, ол жекежайда орналасқан бір үйде ғана тұрады екен

Ақтауда 1 жасар баланың көз жұмуы: Бүлдіршін қайғылы оқиға болған үйге сол күні бірінші рет келген

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері мәлімдеді

«Әншілігінен гөрі актерлігі ұнайды»: Айқын Төлепберген фильмінің басты рөліне екінші әйелін түсіреді

"Оны режиссерлер де байқады"

Талдықорғанда балта ұстаған ер азамат автобусқа шабуыл жасады

Оқиға 6 желтоқсан күні орын алған

Есірткі қабылдауға мәжбүрлеген: Алматыда мүгедек қыз зорлық әрекетіне ұшырады

Оқиға 29 қараша күні орын алыпты

Алматылық тұрғын бір қорап кәмпит сыйлаймын деп жарты миллион теңгелік айыппұлға ілікті

Алғыс ретінде берген сыйлығының арты 500 мыңдық айыппұлмен аяқталды

"Әлем аруы-2019" байқауының жеңімпазы анықталды

Бұл атаққа ОАР-ның атынан өнер көрсеткен ару ие болыпты
Çàãðóçêà...