ОҚО-да қаржылық бақылау инспекциясының басшысы жол апатынан қаза болды
ҚР Қаржы министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының бастығы Бақтыбай Тағаев 6 тамызда Жамбыл облысында болған жол-көлік апатында қазаға ұшырады.
Бұл туралы оның ұлы Ғалым Тағаев мәлім етті, деп хабарлады Kazpravda.kz.
Бақтыбай Тағаев 2015 жылғы қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының бастығы қызметіне тағайындалған болатын.
Бақтыбай Тағаев 1965 жылы дүниеге келген, мамандығы бойынша – заңгер, экономист-менеджер. Еңбек жолын Шымкентте әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің тексеруші-бухгалтері болып бастады. Әр жылдарда Бақтыбай Тағаев облыстық әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының зейнетақы бөлімінің маманы, Мақтаарал аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің меңгерушісі болды. Түркістан қаласы бойынша салық комитетін және Сайрам аудандық салық комитетін басқарды. 2013 жылғы желтоқсанда ОҚО бойынша салық департаментінің арыс қаласы бойынша салық басқармасының бастығы болып жұмыс жасады. 2015 жылғы қазаннан Бақтыбай Тағаев Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының бастығы қызметіне тағайындалды.
Бақтыбай Тағаев Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына мерейтойлық медальмен, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды, салық қызметінің үздігі, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрам ауданының құрметті азаматы.
Үйленген, төрт баласы бар.
Жіберіп алмаңыз:
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза тапты (фото)
Адамдарды ажал құштыра жаздаған автобус жүргізушісі апаттың қалай болғанын айтты
Қостанай облысында ірі жол апатынан 6 адам қаза болып, 25 адам жараланды (фото)
Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза тапты
Алматы облысында автобус пен жойғыш ұшақ макетін тасымалдаған КамАЗ соқтығысты (видео)