Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза тапты

Павлодар облысында жол апатынан 6 адам көз жұмды. Оқыс оқиға Ленинский-Ертіс тас жолында болған. Екі «Ауди» көлігі бір-бірімен соқтығысыпты, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты. 

0x0_razbitoe-lobovoe-steklo

Бетпе-бет келген темір тұлпарлардың ішінде болған 6 адам сол жерде тіл тартпай кетті. Олардың қатарында бір жасқа енді толған екі сәби, үш әйел мен көлік тізгінінде болған ер адам бар. Тағы екі адамның алған жарақаттары ауыр болғандықтан апат орнына санитарлық авиация шақыртылып, науқастар Павлодар қалалық ауруханасына жеткізілді.

17 жастағы жеткіншек облыстық балалар  ауруханасында ем қабылдаса, тағы үш жолаушы Ақтоғай ауданына жеткізілген. Олардың жағдайы қазір қалыпты.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысында автобус пен жойғыш ұшақ макетін тасымалдаған КамАЗ соқтығысты (видео)

Маңғыстау облысында жолаушылар автобусы тұтастай жанып кетті (видео)

Ақтөбеде қарсы жолаққа шығып кеткен полицей жол апатынан көз жұмды

Оралда жол апатына кінәлі жүргізуші жолаушы қайтыс болған соң қашып кеткен

Талқылау