Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында жолаушылар автобусы тұтастай жанып кетті (видео)

Ақтау-Жаңаөзен тас жолының 44 шақырымында «КАвЗ» маркалы автобусы отқа оранды. Бұл туралы Маңғыстау облысы ТЖ депаратменті хабарлады.

20160722081527

Маңғыстау облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің кезекші бөліміне өрт туралы хабарлама келіп түскен. Автобуста тек қана жүргізуші болған. ТЖ департаментінің хабарлауынша, ол қауіпсіз жерге шығып үлгерген.

«Оқиға орнына Мұнайлы ауданының №5 өрт бөлімі бригадасы келді. Қызметкерлер өртті өшірді, бірақ автобус тұтас өртеніп кеткен», – деп хабарлады Маңғыстау облысы ТЖД кезекші бөлімі.

Автобус «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясына тиесілі болған. Ол кен орнынан жұмысшыларды алып кету үшін Жетібай ауылына бағыт алған.

Өрттің шығу себептері анықталуда, дейді Маңғыстау облысы ТЖ депаратменті.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбеде аулада тұрған Gelandewagen көлігі тұтастай жанып кетті

Алматыда өрт болып 10 көлік жанып кетті (фото)

Қарағандыда жол үстінде автомобиль жанып кетті

Өткен түнде Шымкентте базар өртеніп, 2 мыңнан астам аумақ жанып кетті (фото, видео)

Талқылау