Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда жол апатына кінәлі жүргізуші жолаушы қайтыс болған соң қашып кеткен

Оралда “ВАЗ-2109” көлігі жол бойына жақын маңда тұрған “УАЗ” көлігіне соғылған. Соның салдарынан көлік жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

12481190

Оқыс оқиға таңғы уақытта болған. Куәгерлер қатты дауысты естігендерін айтады. Болжам бойынша, көлік Ружейникова көшесімен келе жатып, бұрылысқа келгенде оң жаққа ұшып кеткен. Сол жерден бірнеше метр қашықтықта УАЗ көлігі тұрған. Жеңіл көлік УАЗ-ға барып соғылған. Көліктің алдыңғы орындығында отырған жолаушы сол жерде мерт болған. Ал, көлік жүргізушісі жасырып үлгерген.

«Бұл көлік менің күйеубаламның көлігі. Ол жақында ғана көлікті айдап келіп әдейі терезе алдына қойған. Біздің тереземіз пластикадан жасалған соң апат болғанын естіген жоқпыз. Таңертең сағат 8-де полицейлер келіп, көліктің кімдікі екенін сұрады», – дейді үй иесі.

ІІД болған жайтқа қатысты әзірге пікір білдірген жоқ. Полицейлер оқиға орнынан жасырынған ВАЗ 2109 көлігінің жүргізушісін іздестіріп жатыр.

 

Талқылау