Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында автобус пен жойғыш ұшақ макетін тасымалдаған КамАЗ соқтығысты (видео)

Алматы облысының Талдықорған-Жетіген жолы бойында жолаушылар автобусы СУ-27 ұшақ жойғышының макетін тасымалдап бара жатқан КамАЗ көлігімен қақтығысты, – деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары.

12650544

Жанат Ернст есімді қолданушы Facebook парақшасында Қапшағай жолы бойында осы оқиғаның куәсі болғанын жазған.

«СУ-27 жойғыш макеті – дайындық материалы. Оны әскери автомобильді полиция көлігінің қарауымен «Талдықорған-Жетіген» жолы бойымен тасымалдаған. Бұл Алматы қаласынан 60 шақырым жерде болды. Жол бойында жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. КамАЗ жолаушылар автобусымен қақтығысты. Қақтығыс салдарынан зардап шеккендер жоқ. Макет Талдықорғаннан Жетігенге жеткізілді, – деп мәлімдеді ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.

Жіберіп алмаңыз:

Маңғыстау облысында жолаушылар автобусы тұтастай жанып кетті (видео)

Ақтөбеде қарсы жолаққа шығып кеткен полицей жол апатынан көз жұмды

Оралда жол апатына кінәлі жүргізуші жолаушы қайтыс болған соң қашып кеткен

Талқылау