Адамдарды ажал құштыра жаздаған автобус жүргізушісі апаттың қалай болғанын айтты

Бейсенбі, 4 Тамыз , 2016 21:40

Алматыда автобустың апатқа ұшырауына басқа бір көлік себеп болған көрінеді. 13 жолаушыны ауруханадан бір-ақ шығарған автобус жүргізушісі бүгін өзінің кінәсіз екенін айтты. Әкімжан Шәмиевтің айтуынша, қоғамдық көлікті жол бойы жағаласқан жүргізушілердің бірі қысып жіберіпті. Жолаушыға лық толы автобус кеше кешке Райымбек және Сүйінбай даңғылдарының қиылысында бетон қабырғаға соғылған болатын. Жолаушылардың арасында айы-күні жақындаған жүкті әйел де болған,-деп хабарлады КТК арнасы.

көлік-жүргізушісі

Автобустан аузы-мұрны қанап шыққан жолаушылар іште қалғандарға дереу көмек шақыртып жатыр. Бұл кадрларды оқиға куәгерлері түсіріп алған. Жалпы, қабырғаға оңбай соғылған қоғамдық көлікті қызық көріп тұрғандар жетерлік. Тек оның ішінде жүкті әйел мен тағы 12 жолаушы қиналып жатыр-ау деген ешкімнің ойына кіріп-шықпайтын сияқты. Соққының қатты болғаны соншалық, автобус жүргізушісі башпайларынан айырылған. Ампутациядан соң есін жиған Әкімжан Шәмиев өзін кінәлімін деп отырған жоқ.

«Жарысқаным жоқ. Көпірден түсіп бара жаттым. Әріптесіме автобусты бергелі жатқанмын. Кейін быт-шыты шықты бәрінің»,-дейді автобус жүргізушісі Әкімжан Шәмиев.

28 жастағы жігіт жол үстінде халі нашарлағанын айтады. Сол себепті де, автобусты басқа жүргізушіге табыстамақ болған екен. Алайда жол бойы жағаласқан көліктердің бірі оған кесірін тигізіпті.

«Кішкене кезімнен автобуста кондуктор боп істедім. Алматыда автобус жүргізгеніме 8 жыл болды. Жоқ, құдай сақтасын бұндай жағдай болмаған. Жазым ғой енді кімнің басына келмейді?»,-дейді автобус жүргізушісі Әкімжан Шәмиев.

Осы оқиға салдарынан 13 адам ауруханадан бір-ақ шыққан. Олардың екеуіне ота жасалды. Ал жүкті әйелдің миы шайқалған.

«Ол науқасқа түскен кезде арнайы зертттеу жүргізілді іш қуысына, балаға, сондықтан ешқандай қауіп-қатер болмағандықтан, науқас қазіргі таңда нейрохирургия бөілімінде жатыр. Арнайы ем алып жатыр»,-дейді Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының бас хирургі Нұржан Исабеков.

Зардап шеккендердің арасында 14 жастағы бала мен 74 жастағы қария да бар. Зейнеткердің аяқ-қолы сынған. Қазір жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев
  • Анонимно says:

    Автобус жургізушілер женіл колікпен.жарысады..Актау каласында талай куә болдык.Айтсан уакыттан кешігеміз дейді.Шарв колдану керек.Категорияны катты талап ету керек.

  • Анонимно says:

    Кудай сактасын, Алла барлыгынын денсаулыгына шипа берсин.

  • Анонимно says:

    Автобус жургызушылеры быр бырымен жарысады.Бул шындык.Адамдардын омырымен оинаиды.Автобуска отыруга да коркамыз.Шара колдану керек,жазасын алсын.

    • Анонимно says:

      Жеңіл көліктерді азайту керек автобус халықтың көлігі. жазғандар былшылдамаңдар

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар