Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-дағы зорланған баланың ісі: баланы Алматыға алып келді

ОҚО-да зорланған балаға қатысты жаңа мәліметтер пайда болды. Аружан Саинның айтуынша, баланы анасымен бірге Алматыға алып келген. Қазір олар қауіпсіз жерге орналастырылған, деп хабарлайды Stan.kz.

Сурет: Аружан Саинның желідегі парақшасынан

Аружан Саин Facebook желісіндегі парақшасында сарыағаштық 7 жасар балаға қатысты жаңа мәліметтермен бөлісті.

«Қазіргі уақытта бала мен анасы Алматыда, қауіпсіз жерге орналастырылды. Олар мемлекет қорғауында. Алдағы уақытта Бас прокуратура тергеу амалдарын жүргізуді жоспарлап отыр. Қорғаушы Бауыржан Азанов тергеу органдарымен жұмыс жүргізуде.

Сараптама туралы мәселе шешіліп жатыр. Сот медициналық сараптама және басқа да сараптамалар нақты әрі әділ өтуі үшін, шетелдік халықаралық мамандармен келіссіөз жүргізілуде. Келесі аптаның басында баланың қорғаушысы мамандар тізімін ұсынады.

Баланың анасы ауырып жүр. Астанада тоңып қалыпты. Бүгін өзін кешегіе қарағанда жақсырақ сезінеді», – деп жазды Аружан Саин.

Сонымен қатар Аружан Саин қолдап білдіргендердің барлығына алғыс білдірді. Және сотқа дейінгі тергеу амалдары ұзақ уақытқа созылатындықтан, төзімділік таныту керек екенін айтты.

Оқи отырыңыз:

Наурыз мейрамында дастарханнан тағамдарды ыдысымен бірге талап алып кеткен тұрғындар жұртты ашуландырды (видео)

Тағы да су тасқыны: ШҚО-да бір тәулік ішінде 19 үй мен 6 көшені су алып кетті

Наурыз мейрамы кезінде Ерболат Құдайбергенді жақыннан көргісі келген әйел сарбаздармен «төбелесіп» қалды (видео)

Су тасқынынан зардап шеккен Аягөз тұрғындарына тағы 80 миллион теңге жіберілетін болды

Талқылау