Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Наурыз мейрамында дастарханнан тағамдарды ыдысымен бірге талап алып кеткен тұрғындар жұртты ашуландырды (видео)

Ұлыстың ұлы күніне орай жайылған дастархандағы тағамдарды ыдысымен бірге талап алып кеткен адамдар жұртты ашуландырды, деп хабарлайды Stan.kz.

Желіде тұрғындардың Наурыз мейрамына орай жайылған дастархандағы тағамдарды түк қоймай талап әкеткен видеосы пайда болды.

Видеода Наурыз мейрамын ата өтуге жиылған жұртшылық жайылған дастархандағы тағамдарды талап алып жатыр. Тіпті кейбірі тағамды ыдысымен бірге пакетке салып алған.

Желі қолданушыларының бірі бұл оқиғаның Алматыдағы Кенжехан базарында болғанын жазды.

Ал өзге желі қолданушылары көпшіліктің бұл әрекетіне ашуланды. «Ұят-ай, сонша не болды?», «Ересектер тамақ алу үшін балаларды итеріп жіберді. Сұмдық қой. Бұл видеоны көргеннен кейін де өз қателіктерін түсініп, ұялмайтын шығар», «Олар үшін өзім ұялвп отырмын. Аш па сонша?», «Қайран, қазағым-ай! Өкімет халқым ауыз тисін деп жайған дастарханнан тонап, «ет етке, сорпа бетке, қалғаны пакетке» деп үйлеріңе тасып жатырсыңдар. Не сұмдық бұл?»,- деп жазды желі қолданушылары.

Оқи отырыңыз:

Тағы да су тасқыны: ШҚО-да бір тәулік ішінде 19 үй мен 6 көшені су алып кетті

Наурыз мейрамы кезінде Ерболат Құдайбергенді жақыннан көргісі келген әйел сарбаздармен «төбелесіп» қалды (видео)

Су тасқынынан зардап шеккен Аягөз тұрғындарына тағы 80 миллион теңге жіберілетін болды

ОҚО-да тауда жүріп адасып кеткен жігіт пен қыз табылды

Талқылау