Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Наурыз мейрамы кезінде Ерболат Құдайбергенді көргісі келген әжей сарбаздармен төбелесіп қалды (видео)

Наурыз мейрамы кезінде әжей алаңда ән айтып жатқан Ерболат Құдайбергенді жақыннан көргісі келген. Алайда сарбаздар оны сахнаға қарай жібермей қойды. Бұған ашуланған әжей сарбаздармен төбелесіп қалды, деп хабарлайды Stan.kz.

Желіде Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған шара кезінде әжейдің Ұлттық ұлан сарбаздарымен төбелесіп қалған видеосы пайда болды.

Видеода әжей алаңда ән айтып жатқан Ерболат Құдайбергеновті жақыннан көргісі келгені байқалады. Алайда сарбаздар оны сахнаға жуытпай қойды. Мұнан кейін әжей сарбаздарға қарсылық танытады.

Желі қолданушыларының сөзінше, оқиға Шымкент қаласында болған көрінед.

 

Наурыз құтты болсын ағайын😪

Публикация от KazTube.🎬 (@kaztube_tv)

Өз кезегінде желі қолданушыларының дені әншіге жақын бармақ болған әжейді сөгіп тастады. «Әйелдікі дұрыс емес. Тура қасына барып тұрмаса болмай ма? Ол əншілер билеп, əн айтады. Оларға кеңістік керек. Оның үстіне қауіпсіздік тағы бар. Соны түсінуі керек. Қит етсе тəртіп сақшыларды кінəлі қыламыз. Олар өз жұмыстарын атқарып жатыр. Оларға да сыйластықпен жəне түсіністікпен қарау керек», «Тәртіпке бағынған құл болмайды. Әр нәрсенің өз әдебі бар. Әркім бет-бетімен кете берсе не болады?», «Сырт көзге ұят нәрсе екен. Не жетпейді?», – деп жазды желі қолданушылары.

Оқи отырыңыз:

Су тасқынынан зардап шеккен Аягөз тұрғындарына тағы 80 миллион теңге жіберілетін болды

ОҚО-да тауда жүріп адасып кеткен жігіт пен қыз табылды

Астанада қазақ жігіті үш шегенің үстінде тұрып кеудені жерден көтеруден рекорд орнатты (фото, видео)

Оралда блогер полицейді көлігінің терезесіндегі қараңғылайтын затты алып тастауға мәжбүрледі (видео)

Талқылау