Оралда блогер полицейді көлігінің терезесіндегі қараңғылайтын затты алып тастауға мәжбүрледі (видео)

Оралдық блогер Айболат Бөкенов көлігінің терезесіне тыйым салынған қараңғылайтын затты жапсырған полицейді видеоға түсіріп алған. Сонымен қатар көлік терезесіндегі қараңғылайтын затты алып тастауға мәжбүрледі.

Бұл туралы «Уральская неделя» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Блогердің айтуынша, полиция қызметкері көлігінің терезесіне қараңғылайтын затты жапсырып алғанымен қоймай, жол ережесін бұзып, бағдаршамның қызыл түсін елемей, өтіп кеткен.

«Бұл бүгін түскі уақытта болды. Мен таксиде келе жатып, Volkswagen Passat маркалы көлікті тізгіндеген полицейді көріп қалдым. Ол жол ережесін бұзып, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткенімен қоймай, көліктің терезесіне қараңғылайтын зат жапсырып алған. Мен таксистен полицейдің көлігін қуып жетуін өтіндім. Сөйтіп полицейден көлігіндегі қараңғылайтын затты алып тастауын сұрадым. Себебі заң барлығына бір. Қатардағы жүргізушіге де, полицейге де. Мен мұнан кейін де жол ережесін бұзған полиция қызметкерлерін видеоға түсіруді жоспарлап отырмын», – дейді блогер.

Оқи отырыңыз:

Оқушы сабақ кезінде сыныптасын ұрып жіберген: Мұғалімге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Астанада пәтеріндегі өрттен кейін 15 миллион теңгесі жоғалған ер адам күтпеген мәлімдеме жасады

Сырдария өзені арнасынан асып, тас жолды су алып кетті

Алматы облысында парапланмен ұшқан ер адам шатқалға құлап кетті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
23.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар