Су тасқынынан зардап шеккен Аягөз тұрғындарына тағы 80 миллион теңге жіберілетін болды

Тасқыннан зардап шеккен Аягөз тұрғындарына Наурыз қарсаңында жаңа баспана бұйырды. Бүгін облыс әкімі 12 отбасына үйдің кілтін табыстады.

Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Баспанасыз қалғандар мектеп-интернат немесе туыстарының үйін сағалап кеткен. Енді мереке қарасыңында қоныс тойын қоса тойлайды. Арнайы комиссия өкілдері өңір басшысымен бірге жаңа үйлерді аралап көрді. Олар тұрғындардың келісімімен сатып алынған. Даниал Ахметов зардап шеккендерге тұрмыстық техника табыс етті. Сондай-ақ көмек ретінде елдің түкпір-түкпірінен жеткен заттар жиналған қоймаларды көріп, тұрғындармен кездесті.

«Жүз млн теңге бөлдік, 2-3 күнде тағы 80 млн бөлінеді. Сонда осы ауданға көмек 180 млн. Қазіргі кезде 12 пәтер алынды. Керек болса, 40-50 пәтер алуға мүкіндік бар. Содан кейін басқа жерден 34 млн теңге осы елді мекенге келді», – дейді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов.

Қазір Аягөзде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Өзен жағасын бекіту де қолға алынған. Өскеменде де еріген қар суына қосымша арықтар қазылып жатыр. Түнде қалада қар түскен. Синоптиктер жақын күндері ауа-райы 12-15 градусқа дейін күрт жылынады деп болжайды.

Оқи отырыңыз:

ОҚО-да тауда жүріп адасып кеткен жігіт пен қыз табылды

Астанада қазақ жігіті үш шегенің үстінде тұрып кеудені жерден көтеруден рекорд орнатты (фото, видео)

Оралда блогер полицейді көлігінің терезесіндегі қараңғылайтын затты алып тастауға мәжбүрледі (видео)

Оқушы сабақ кезінде сыныптасын ұрып жіберген: Мұғалімге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
22.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар