Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да тауда жүріп адасып кеткен жігіт пен қыз табылды

ОҚО-да құтқарушылар тауда жүріп адасып кеткен жігіт пен қызды құтқарды, деп хабарлайды ҚР ІІД ТЖ жөніндегі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Сурет: ҚР ІІД ТЖК баспасөз қызметі

Комитеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 наурызда кешкі сағат 20:00-де ОҚО-да құтқарушыларға жігіт пен қыздың тауда адасып қалғаны туралы хабарлама түскен. 2001 жылы дүниеге келген жігіт пен қыз тауда адасып қалып, күн батып кеткеннен кейін өздігінен жол таба алмаған.

«Адасып кеткен жастар телефон арқылы өздерінің тұрған жерін атап көрсете алмады. Сонымен қатар түнгі уақытта іздеу жұмыстары қиындай түсті», – делінеді хабарламада.

Нәтижесінде, 22 наурызда сағат 10:30 шамасында Қазығұрт ауданында адасып кеткен жігіт пен қыз ТЖД шұғыл-құтқару жасағаның құтқарушыларының күшімен құтқарылды.

Оқи отырыңыз:

Астанада қазақ жігіті үш шегенің үстінде тұрып кеудені жерден көтеруден рекорд орнатты (фото, видео)

Оралда блогер полицейді көлігінің терезесіндегі қараңғылайтын затты алып тастауға мәжбүрледі (видео)

Оқушы сабақ кезінде сыныптасын ұрып жіберген: Мұғалімге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Астанада пәтеріндегі өрттен кейін 15 миллион теңгесі жоғалған ер адам күтпеген мәлімдеме жасады

Талқылау