Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Одан да бақытты боламыз": Бүркіт тағы балалы болғысы келетінін айтты

Бүркіт балаларының көп болғанын қалайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшаларының бірінде жазба қалдырып, арманымен бөліскен. Бүгінде 3 баласы бар өнер иесі тағы да перзент сүйгісі келетінін жасырмады. Сәбилі болсақ бақытымыз еселенетін еді деп ағынан жарылды ол. Сонымен қатар, әнші балапандарының амандығын тілеген.

"Зейін, Омар, Сафия балапандарым аман болғай! Аллам тағы 2-3 бала берсе, одан да бақытты боламыз! Алланың бергені болады!" - деп жазды Бүркіт.

Бұл жазбаны көрген желідегі жұрт өнер иесіне қолдау білдіріп, жақсы отбасыға Алла игі істерін аямайды, әлі-ақ көпбалалы боласыздар деп тілек білдірген. Осылайша желідегіер өнер иесінің көңілін көтеріп тастады. 

"Көңілің ашық, жүрегің жарқын, Аллам саған еселеп береді", "Сол күнге жеткізсін", "Аиша екеуің көп балалы ата-ана атануларыңа тілектеспін", "Балалы үй - базар", "Көзіңе көрінген құлындарың аман болсын", "Сіз сондай керемет әкесіз", "Балапандарыңыз аман болсын", "Қазақтың санын көбейте беріңіздер" - десті жұрт.

Талқылау