Нұрсұлтан Назарбаевтың қандай көлікпен жүретіні белгілі болды
Нұрсұлтан Назарбаевтың қандай автокөлікпен жүретіні белгілі болды.

Тұңғыш президенттің баспасөз қызметі Instagram парақшасында Нұрсұлтан Назарбаевтың көлігінің суретін жариялады.
Суретке қарап, елбасының көлігінің мемлекеттік нөмірі 001 QR 01 екенін байқауға болады. QR сериясы Qazaqstan Respіblıkasy немесе Qazaq Repulic деген мағынаны білдіруі мүмкін.
«Біз елбасының жеке мұрағатынан бірнеше фотосуреттерді жариялай бастадық. Бұрын бұл суреттер ғаламторға жарияланбаған», - делінген сипаттамада.
Бұрын Нұрсұлтан Назарбаев 01 KZ нөмірі бар автокөлік жүргізгені белгілі болды. Қазақстанның тұңғыш президенті өзінің жұмыс сапарларын жасаған көліктердің бірі - Теміртаудағы музей экспонаты. Ол 2005 жылғы Mercedes Benz S600L көлігі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 001 KZ 01 нөмірлі көлікпен жүреді.
Тұтқындарды босату бойынша ел тарихындағы алғашқы операция: Өлім жазасына кесілген қылмыскерлер бүтін автобусты қалай басып алды
Операция болған кезде Қазақстан тәуелсіздік алғанына бірнеше ай ғана болған
"Алты жыл күттік": Қазақстандық оқушылар Илон Масктың зымыранымен ұшырылған жерсерікті қалай жасап шығарды
Жерсерікті жасаудың қызығы мен қиындығын жоба жетекшісінен сұрадық