Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда сегізінші қабаттан секіріп кеткен ер адам қаза болды

Нұр-Сұлтанда биік терезеден секіріп кеткен ер адам қаза болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"21 маусымда қалалық жедел медициналық жәрдем станциясына көп қабатты үйден адамның құлауы туралы шақыру келіп түсті. Дәрігерлер бригадасы оқиға орнына жеткен. 1989 жылы туған ер адам, оны № 2 қалалық ауруханаға алып келді. Ер адам әкелінген кезде өте ауыр күйде болды. Өкінішке қарай, ол алған жарақатынан көз жұмды.

Сол күні осы мекен-жайы бойынша тағы бір оқыс оқиға болды, өзіне қол жұмсауға тырысты. Бригада сол жерде болды, 1986 жылы туған әйел көпқабатты үйден құлады. Ол да № 2 қалалық ауруханаға жеткізілді. Қабылдау кезінде науқаста жамбас сынығы, жабық бас сүйек-ми жарақаты анықталды. Қазір пациентке барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. Әйел палатада", - деді елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында.

Нұр-Сұлтан полиция департаменті өкілдері ер адам мен әйел мас күйінде болғанын мәлімдеді.

Бұған дейін Нұр-Сұлтандағы көпқабаттағы үйлердің бірінде ер азамат сегізінші қабаттан секіріп кеткені, оның артынан әйелдің де жоғары қабаттан құлағаны хабарланды.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 22 Маусым, 2020 12:02
Талқылау