Нұр-Сұлтанда 400-ге жуық адамды алдап кеткен автоорталықтың директоры ұсталды
Нұр-Сұлтанда алаяқтық жасады деген күдікпен Nur-AvtoKz автоорталығының директоры ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жайында елорда полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Полицейлер өздеріне тұрғындардың Nur-AvtoKz басшылығына шағымданып келгенін айтты. Олар аталған фирманың ақшаны алаяқтық жолмен иемденіп алғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта компания директоры қолға түсті.
"Компанияның 28 жастағы директоры автокөлік сатамын деген желеумен азаматтармен келісімшарт жасасқаны, бірақ шарттарды орындамағаны анықталды", – деді департаментте.
Сатып алу-сату шарттарын жасай отырып, ұсталған азамат тұрғындардың автокөліктерін иемденіп, бірақ құнын төлемеген. Келісімнен кейін ол көлікті үшінші тұлғаларға сатқан.
Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Компания директоры тергеу изоляторында отыр.
- Алматыда алаяқтар банк арқылы өзгелердің атынан 10 млн теңгеге несие рәсімдеген
- Алматы облысындағы шу: Мола іргесіне үй салушыларға халық қарсы шықты
- 400-ден аса қазақстандықтың шетелдік банктерде жүздеген миллиард ақшасы бар екені анықталды
Зардап шеккендердің айтуынша, компания 400-ден астам адамды алдап кеткен. Кәсіпорын шамамен ақпан айынан бастап жұмыс істеп келеді. Клиенттерді нарықтық бағадан шамамен 1-1,5 миллион теңгеге төмен баға қызықтырған. Сатушылар қолайлы бағаны борышкерлерден ұсталған автокөліктерді аукционда сатып алып, шағын үстеме қойып сатумен түсіндірген.
Компания борышкерлер тізілімінде тұрмаған, желіде теріс пікірлер де жазылмаған, ал жарнамасын танымал блогерлер жасаған. Заңгерлер сонымен қатар қарапайым азаматтардың сенімді компанияларды жалғандарынан ажыра алмайтынын растайды. Сатып алушылардың жеткілікті болып көрінгеніне қарамастан, кенеттен компания жабылып қалған.
Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында 400-ге тарта тұрғын алаяққа алданып қалғанын жазылған болатын.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
