Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұржан Керменбаев: “Арнау” дуэті тараған жоқ

Ел арасында “Арнау” дуэті тарап кетті” деген сыбыс тарады. Оған бір себеп топтың көгілдір экраннан көрінбеуі, екінші себеп – топ солистері Нұржан Керменбаев пен Салтанат Бақаеваның жеке-жеке клип түсіруі.

арнау-270217

Нұржан Керменбаев Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасына берген сұхбатында “топ тарады” деген ақпаратты жоққа шығарды.

“Мен “Арнау” дуэтін ешқашан ұмытқан емеспін, ұмытпаймын да. Жеке кешім болса да, “Арнаудың” өзінің блогы болады. Көптеген әңгімелер жүріп жатыр. Жоқ. Біз біргеміз, ешқашан тарамағанбыз да.

Мен жеке айтамын, дуэттерім бар, қыздармен де дуэт орындағанмын. Мақпал Исабековамен бірге айттық, бұйырса жақында шығады. Жанар Дұғаловамен орындадым. Өнер әлемі болғаннан кейін еркіндік болу керек бізде. Салтанат ол жағынан ешқандай қарсылық білдірмеді. Ол да жеке ән айтады, мысалы, оның да ер балалармен дуэт айтқан кездері бар. Актриса, оның үстіне тележүргізуші, оның үстіне ана, бір әулеттің келіні. Сондықтан барлығына Аллаға шүкір үлгеріп жатырмыз”, – деп түсіндірді Нұржан.

Жіберіп алмаңыз:

Ғашық жігіттер Айдана Меденованы отбасылы болса да мазалап жүр

Тамара Асардың жүктілігі жалған болып шықты

Бақытбек Есентаевтың қарындасы ағасы туралы бар шындықтың бетін ашты (фото)

Димаш Құдайбергеннің тойдағы гонорары 15 мың АҚШ доллары болып кетті

Талқылау