Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құпия" металдар және триллион доллар: Депутат Қазақстанның қойнауындағы есепсіз байлыққа тоқталды

Сенатор Андрей Лукин премьер-министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша Қазақстанда жалпы құны 46 триллион доллардан асатын 5 мыңнан астам ашылмаған кен орны бар екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

фото: kazatomprom.kz

"Қымбат металдар арасында жасанды түрде өндірілген сирек кездесетін металдар да бар.  Бірақ олар көп емес. Мәселен, Осмий-187 элементінің бір граммының құны 10 мыңнан 200 мыңға долларға дейін бағаланатынын атап өткен жөн. Қазақстан – табиғи шикізаттан алынатын моноизотопты – 187 өндіруші және иеленуші жалғыз ел. Бұл шикізат Жезқазған мыс кендерін өңдеу кезінде пайда болған қалдықтардан алынады", – деді Лукин.

Сенатордың айтуынша, Қазақстанда сирек жер металдарының құрамы бойынша 12 жаңа орынды, әсіресе Шығыс Қазақстан облысындағы Қара-Аяк пен Мунча сияқты жерлерді зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Бүгінде әлемдегі ең танымал сирек жер металдардың бірі – литий. Бұл минералды зат елдегі Юбилейное, Верхне-Баймурзинское, Бакенный, Ахметкино, Медведка, Ахмировское сынды алты кен орнында бар", – деп атап өтті депутат.

Сонымен қатар Андрей Лукин Қазақстанда сирек металдарды өндіруге қызығушылық артқанымен, салада бірқатар проблемалар бар екенін алға тартты.

"Дегенмен табысқа жету үшін бірқатар мәселелерді, соның ішінде инвестициялық, экологиялық мәселелерді шешу, өндіріске озық технологияларды енгізуді қамтамасыз ету қажет", – деді сенатор.

Лукин сонымен қатар жер қойнауын геологиялық барлауға лицензия беру процестерін жеңілдетуді ұсынды. Осы мәселеде бюрократиялық кедергілерді азайту және лицензия алу рәсімдерін оңтайландыру саланың инвестициялық тартымдылығын арттырады. Сонымен қатар ол кейбір сирек және сирек жер металдарының баланстық қорына қолжетімділікті ашу қажет екенін айтты. Оның айтуынша, көптеген кен орындары КСРО дәуірінен бері құпия болып келеді.

Талқылау