Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам жүрегі тоқтағаннан кейін 45 минуттан соң қайта тірілді

Фото: Jam Press

Ұлыбритания тұрғыны жүрегі тоқтағаннан кейін 45 минуттан соң күтпеген жерден қайта оянды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Need To Know (NTK) хабарлайды.

64 жастағы Стив Далтон қызы Кейтке үйдің ауласындағы балалар алаңын жинауға көмектесіп жүрген кезде өзін нашар сезінген. Таңертең жұмыс істеп жүрген ер адам күндіз жүрек талмасына ұшыраған. Жедел жәрдем дәрігерлері оны үш сағаттан астам уақыт реанимациялап, алты рет дефибриллятор қолданды. Дегенмен, олардың талпыныстарына қарамастан, қарт британдықтың жүрегін 45 минут бойы қайта соқтыра алмады. "Әпкеме "Әкеміз енді жоқ" деп хабарласуыма тура келді. Біз шынымен соған сендік. Бұл сезімді сөзбен жеткізу қиын", — деді Кейт. Ол анасы мен ағасымен бірге дәрігерлердің әрекетін бақылап отырған.

Далтон кома күйіне түсіп, ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер туыстарына оның жүрегі қатты үлкейгенін және аман қалу мүмкіндігі екі пайыздан аспайтынын айтты. Сонымен қатар, оның миы қайтымсыз зақымданған болуы ықтимал екені хабарлады. Кешке отбасы үйге қайтқан. Кейттің айтуынша, үнемі дұға етіп, әр телефон қоңырауын жанұшыра күткен. Алайда таңертең Далтонның есін жиып келе жатқаны туралы хабар берілді.

"Оған тыныштандыратын дәрінің дозасын азайтты және дәл медбике түймені басқан сәтте ол кенеттен көзін ашты. Одан мені танып тұр ма деп сұрадым, ол басын изеді. Бұл бір ертегідей жағдай болды", – деп еске алады Кейт.

Фото: Jam Press/ Стив Далтон мен қызы Кейт

Осыдан кейін Далтонның жағдайы қайта нашарлап, оны жансақтау бөліміне ауыстырды, бірақ келесі күні ол есін жиып, туыстарына өзі қоңырау шалды. Олар ауруханаға жеткенде, ер адам төсекте өздігінен отырып, өз бетінше дем алып отыр екен. Дәрігерлердің айтуынша, оның миы зақымданбаған. Ақырында ер адам толық айығып кетті. 

Қазір Далтон отбасының қолдауымен жүрегі тоқтаған адамдарға көмек көрсететін ұйымға қаражат жинап жатыр.

STAN.KZ
Сенбі, 09 Тамыз, 2025 18:10
Талқылау
`