Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өмірді өзгертетін жеңістер: TeleBingo жүлделері өз иелерін тапты

Сәтті жұлдыз

20 шілдеде TeleBingo тиражында құны 6 842 242 теңге болатын ірі ұтыс тіркелді. Бұл жүлдені мұнай-газ саласында жұмыс істейтін астаналық Ғалымжан ұтып алды. Ол TeleBingo, LOTO 6/49 және 5/36 лотереяларының бұрыннан келе жатқан қатысушысы.

Ғалымжан үйленген, екі баласы бар. Оның айтуынша, ұтқан ақшасын шығындарын өтеп, қарыздарын жабуға жұмсайды екен.

"Үлкен қызығушылықпен қатысамын. Бірақ жауапкершілікті де ұмытпаймын. Әрине, мұндай жеңіс қуаныш пен жеңілдік сезімін әкеледі",– деді ол.

 

Сәтті жұлдыз

Сол күні TeleBingo эфирінде пәтер ұтысы да өтті. Пәтер иесі Түркістан облысы, Төлеби ауданының тұрғыны Вера есімді қатысушы жеңген екен. Вера –  үй шаруасындағы әйел, күйеуімен, үш баласы бар, сондай-ақ әжесінің күтіміне жауапты екенін атап өтті. 

Қызығы, Вераның лотереяға қатыса бастағанына көп бола қоймаған. Ол өміріндегі алғашқы билетін үш ай бұрын ғана сатып алған. Жеңіске жеткені туралы алғаш естігенде сенбепті. Тіпті ұтқанын растау үшін Ұлттық лотереяның байланыс орталығына өзі хабарласқан. Тек содан кейін ғана Шымкентке – "Сәтті Жұлдыз" Ұлттық лотереясының өңірлік кеңсесіне барып, ұтысты рәсімдеуге шешім қабылдаған.

Растау алған соң, Вера пәтердің орнына 15 000 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатты алуды таңдады. Қазір ол бұл қаражатты қалай пайдаланатынын нақты шешпеген: мүмкін, балаларының болашағы үшін депозит ашады немесе ақшаны жылжымайтын мүлікке инвестициялайды.

"Негізі менің жолым болды. Ал әрі қарай не боларын өмір өзі көрсетеді", – деп күлімдеді Вера.

Осындай және тағы жүздеген лотерея қатысушыларының оқиғалары сәттіліктің кез келген уақытта келуі мүмкін екенін дәлелдейді. 

"Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймын! Біз әрқашан лотерея қатысушыларына қуаныш пен жақсы эмоциялар сыйлауға дайынбыз. Әрбір жеңіс – бұл жай ғана сәттілік емес, шабыт беретін және армандарға сенім ұялататын шынайы оқиға. Алда сіздерді үлкен ақшалай сыйлықтар ғана емес, пәтер, автокөлік пен басқа да жағымды тосынсыйлар күтеді", – деді "Сәтті Жұлдыз" Ұлттық лотереясының президенті Мария Лыткина

Назар аударыңыз! 29 шілде күні Satty Zhuldyz YouTube арнасында тікелей эфирде LOTO 6/49 лотереясы қатысушылары арасында отбасылық кроссовер ұтысы өтеді.
Қатысу үшін құны 3 000 теңге болатын билет сатып алу қажет. Билеттер Ұлттық лотереяның сауда нүктелерінде және ресми sz.kz сайтында қолжетімді.

Жаңа автокөлік иесі болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Лотерея – тек сәттілікке үміт арту емес, сондай-ақ бір билет арқылы өмірі өзгеріп жатқан қарапайым адамдардың шынайы оқиғалары.

"Сәтті Жұлдыз" Ұлттық лотереясы жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, барлық қатысушыларға жарқын сәттер мен сәтті ұтыстар тілейді!

Жарнама құқығында

STAN.KZ
Сәрсенбі, 30 Шілде, 2025 09:30
Талқылау
`