Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев танымал әншілер мен мәдениет саласының қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

Фото: Ақорда

Президент жарлығымен ұлттық мәдениетті дамытуға және насихаттауға қосқан айрықша үлесі, мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстанға сіңірген еңбегі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мәдениет саласының үздіктеріне "Отан", “Парасат” ордені, ІІ дәрежелі "Достық", “Құрмет” ордені және "Шапағат", "Ерен еңбегі үшін" медалі табысталып, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері", "Қазақстанның халық әртісі" құрметті атағы берілді.

Халық әртісі, "Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті" профессоры Қайрат Байбосыновқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді. Сондай-ақ ол “Отан” орденін алды. 

"Парасат" ордені:

  • Әуезов Ерболат – "Алматы қаласы музейлер бірлестігі" КМҚК ғылыми қызметкері;
  • Жамбылова Салтанат  – "Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" ММ "Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалдық музей" МКҚК директоры.

ІІ дәрежелі "Достық" ордені:

Дворцевой Сергей – Ресей және Қазақстан киносының режиссері;

"Қазақстанның халық әртісі" құрметті атағы:

  • Беляков Александр – "Алматы әуендері" КМҚК Алматы қаласы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі
  • Каримов Алишер  – әнші, Алматы қаласы
  • Қосанова Айгүл – әнші, "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" РММ қауымдастырылған профессоры, Алматы қаласы;

"Шапағат" медалін "Наталья Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" РМҚК педагогикалық бөлігінің меңгерушісі Сәуле Байниетова алды. 

"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағын иеленгендер:

  • Ақмұханова Айжан Рахымғалиқызы
  • Әбілдин Әсет Төкенұлы 
  • Баймұратова Аққайша
  • Ғайсағалиев Жаскелең
  • Жалғасбаев Біржан
  • Жұмаділ Сағындық 
  • Жұмасейітова Гүлнар
  • Қазыбекова Гүлжан
  • Құрманаев Ермек
  • Мәлімова Әсия 
  • Молдағалиева Күләш 
  • Мусаев Рустам 
  • Мырзаболатов Қайрат
  • Питерцев Владимир
  • Репин Александр 
  • Тохтибакиев Гайратжан
  • Шалқар Жарқынай 
  • Шалдыбеков Ерболат 
  • Шаштайұлы Дүйсебай
  • Ілиясова Күлжамилә Айыпқызы 
Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 20 Мамыр, 2025 14:13
Талқылау