Huawei Өзбекстандағы Tech Carnival іс-шарасында Зияткерлік Әлем дамуын жеделдетуде
Ауқымды іс-шара 1500-ден астам салалық көшбасшыларды, технология сарапшыларын, серіктестер мен мамандарды біріктіріп, түрлі секторларда цифрлық трансформацияны ілгерілететін озық технологияларды зерделеуге мүмкіндік берді.
2025 жылғы 19 мамырда Ташкент қаласында Huawei компаниясының Таяу Шығыс пен Орталық Азия елдеріне арналған Tech Carnival & Partner Summit 2025 флагмандық өңірлік іс-шарасының ашылу салтанаты өтті.
"Зияткерлік әлемді жеделдету" тақырыбындағы бұл жиын Өзбекстанда алғаш рет өткізіліп отыр және Өзбекстан Республикасының Цифрлық технологиялар министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Шараға 1500-ден астам салалық көшбасшы, мемлекеттік сектор өкілдері мен технология саласының сарапшылары қатысып, өңірдің цифрлық трансформациясында зияткерлік технологиялардың әлеуетін талқылады.
Салтанатты шара барысында Өзбекстан Республикасының цифрлық технологиялар министрі Шерзод Шерматов:
"Өзбекстан — бай тарихи мұрасы мен заманауи инновацияларды тоғыстырған ел. Бұл іс-шара — цифрлық жетілудің өңірлік орталығына айналуға деген ұмтылысымыздың көрінісі. Huawei сынды әлемдік технология көшбасшыларымен ынтымақтаса отырып, біз гүлденген цифрлық болашаққа қажетті инфрақұрылымды қалыптастырып жатырмыз", — деп атап өтті.
Huawei компаниясының аға вице-президенті және Таяу Шығыс пен Орталық Азия өңірі бойынша президенті Филипп Ган өз баяндамасында компанияның өңірді зияткерлік трансформациялау жөніндегі көзқарасын таныстырды:
"Соңғы 30 жылда біз үш ірі технологиялық серпілісті бастан өткердік: All IP, All Cloud, енді — All Intelligence. Huawei-дің АКТ саласындағы тәжірибесін пайдалана отырып, біз Таяу Шығыс пен Орталық Азия елдерінде әртүрлі салаларды зияткерлік тұрғыда жаңғырту үшін серіктестерімізбен бірге жұмыс істеуге дайынбыз", — деді ол.
Филипп Ган өңірдегі цифрлық трансформацияның сәтті болуы үшін бес негізгі элемент қажет екенін атап өтті: байланыс, есептеу қуаты, бұлтты платформалар (цифрлық инфрақұрылымның іргетасы ретінде), жасыл даму және өркендеген экожүйе құру. Сондай-ақ, Huawei-дің Ғаламдық цифрлану индексіне (GDI) сәйкес, цифрлық инфрақұрылымға салынған әрбір 1 АҚШ доллары елге 8,3 АҚШ доллары көлемінде цифрлық экономика кірісін әкелетінін жеткізді.
Аталған бес элементтің нақты қолданылуы Tech Carnival аясындағы 50-ден астам көрме стендтерінде көрсетілді. Қатысушылар ЖИ-мен басқарылатын желілер, жаңа буындағы бұлттық архитектуралар, оптикалық технологиялар мен интеллектуалды деректер сақтау жүйелерінің өзара байланысы арқылы кешенді цифрлық шешімдердің қалай қалыптасатынын көзбен көре алды. Көрсетілімдер ұйымдардың жасанды интеллект қуатын тиімді пайдалана отырып, тұрақтылық пен өнімділікті қалай сақтай алатынын көрсетті.
Huawei компаниясының Таяу Шығыс пен Орталық Азия өңіріндегі Enterprise Business бөлімшесінің президенті Дерек Хао серіктестікке деген адалдықты растады:
"Зияткерлік әлемді жалғыз құру мүмкін емес. Бүгінгі шара – 3700-ден астам өңірлік серіктесімізбен бірге шынайы нарық қажеттіліктеріне жауап беретін шешімдерді бірлесе жасап жатқан экожүйемізді таныстыруға арналған".
Tech Carnival аясында өткен Huawei Partner Summit серіктестік саммитінде ынтымақтастықтың жаңа форматтары ұсынылып, өңірдің цифрлық дамуына ерекше үлес қосқан серіктестер марапатталды. Сонымен қатар, дөңгелек үстел отырыстары ұйымдастырылып, онда бизнес көшбасшылар ЖИ, бұлттық қызметтер мен цифрлық инфрақұрылымның болашағын талқылады.
Huawei-дің Өзбекстандағы инвестициялары технологиялық көрмелермен шектелмейді. Компания өңірдегі жергілікті университеттер базасында ИКТ академияларын ашып, жыл сайын мыңдаған маманға оқыту мүмкіндігін ұсынып отыр. T.H.E Gold Talent Program секілді бастамалар арқылы Huawei алдағы жылдары Таяу Шығыс пен Орталық Азия өңірінде бір миллион цифрлық маман даярлауды жоспарлап отыр.
"Таяу Шығыс пен Орталық Азия елдері цифрлық, зияткерлік және жасыл трансформацияны белсенді ілгерілетуде. Өңір цифрлық болашаққа бет алған сайын, Huawei осы өзгерістерде сенімді серіктес болып қала береді. Біз цифрлық теңсіздікті азайтып, барша үшін орнықты даму мен гүлденуді қамтамасыз етуге күш саламыз", — деп түйіндеді Филипп Ган.
Huawei Tech Carnival & Partner Summit 2025 19–20 мамыр аралығында өтіп, ЖИ дәуіріне бейімделген желілік технологиялар, бұлттық инфрақұрылым, оптикалық шешімдер мен деректерді сақтау жүйелеріндегі инновацияларға арналған бірқатар салалық форумдарды біріктіріп отыр.
Іс-шара туралы толығырақ сілтемеден біле аласыздар!

Шымкенттік кәсіпкер белгілі заңгер Айгүл Орынбекті 10 миллион теңгеге алдады деп айыптады
