Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында шенеунік он миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды

Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өңірлік цифрландыру басқармасы басшысының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

пара

Түркістан облысында "Бизнес жол" жобасын іске асыру аясында цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасы басшысының м.а. қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

"Ол мемлекеттік органдарды ақпараттандыру және цифрландыру қызметтерін көрсетуге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаны, орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 10 млн теңге сомасында пара алды деп күдікке ілінді. Шарттың жалпы сомасы – 280 млн теңге", – делінген хабарламада.

Тергеу соты күдіктіні қамауға жіберді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Ведомство ҚІЖК 201-бабына сәйкес басқа да мәліметтерді жария етпейді.

Талқылау