Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1-сынып оқушысының зорлануы: Ата-аналар іс жабылып қала ма деп алаңдаулы

"НеМолчи" қорының жетекшісі Дина Смаилова Алматыда 1-сынып оқушысы зорланды делінген жекеменшік мектеп оқушыларының ата-аналары іс жылы күйінде жабылып қала ма деп қорқып отыр деп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Құқық қорғаушы өзіне "Мариям Алматы" мектебінде оқитын балалардың ата-аналары мен кейбір қызметкерлердің хат жазып жатқанын жеткізді. Олар мектепте шұғыл өткен жиналыс барысында мектеп әкімшілігі лицензияның қайтарып алынуы немесе тергеу мәселесі туралы  айтылатын шығар деп күткен. Алайда керісінше, онда оқу орнының басшылығы жақында ұлын зорлады деп мәлімдеген әкені жамандап, мектепте болған оқиғаға барлық кінәні жәбірленушілердің өзіне артпақ болған. 

"Мектеп басшылығы болған оқиғаға жәбірленуші баланың өзін және БАҚ-қа жүгінген әкені кінәлағандай болды десек, артық айтпаспыз. Олар оны мектептің абыройына нұқсан келтіру үшін жасады дегенге келтірді", - деп жазады ата-аналар.   

Сондай-ақ ата-ана басқа мектепке ауысқысы келетіндердің бәрі маусым айының ақысын төлеуге міндеттелгенін, әйтпеген жағдайда құжаттарын ала алмайтынын айтқан.

Ал мектеп қызметкерлерінің бірі жолдаған хабарламада балалардың дұрыс тамақтанбайтыны, сонымен қатар, істің жабылып қалу қаупі бары айтылған.



Еске салсақ, 12 мамырда құқық қорғаушы Дина Таңсәрі Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінде бірінші сынып оқушысының зорланғаны туралы айтқан болатын. 7-сыныптың үш оқушысы жабылып, бірнеше рет мектептің дәретханасында зорлаған. Баланың әкесі мұғалім мәжбүрлі түрде баланы сыртқа шығарғанын алға тартты. Алайда мектеп мұғалімі баланың өзін айыптап отыр. 

Әкесінің айтуынша, 1-сыныпта оқитын кенжесіне 7-сыныптың оқушылары күн көрсетпеген. Ал осыдан бір ай бұрын ұлы мектептің дәретханасында 12 мәрте зорланғанын айтқанда, төбе шашы тік тұрыпты. 

12 мамырда ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері "Мариям" жекеменшік мектебін тексеру үшін арнайы келген еді. Білім және ғылым министрлігінен келген комиссия білім ошағында бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады. 

Талқылау