Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда аурухана басшысы дәрігерлердің үстемақысынан "өз үлесін" алып отырған

Қарағанды облысында аудандық ауруханалардың бірінің директоры қоластындағы қызметкерлерге төленген үстемеақыдан үлес ретінде пара алғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram каналында осындай мәлімет жарияланды.

"Қарағанды облысындағы аудандық ауруханалардың бірінің директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастарға медициналық көмек көрсетуге қатысатын жұмыскерлердің үстемеақысынан үлес ретінде пара алды деген күдікке ілінді. Күдікті адамға қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", – деп жазылған агенттіктің ақпаратында.

 


Айнұр Мұхади
Жұма, 01 Қазан, 2021 18:25
Талқылау