Ер адам Алматы тұрғындарын алдап 400 млн теңге алған
Алматыда адамдарды алдап, 400 миллион теңгеден астам сомадағы ақшаларын алған күдікті анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қаласы тергеу басқармасы "жалға берілетін тұрғын үй" мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үй алуға көмектесемін деп 2014 жылдан бастап осы уақытқа дейін Алматыда жүрген Шығыс Қазақстан облысының 43 жастағы тумасына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.
Ер адам көптеген жәбірленушілердің алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы олардың ауқымды қаражатын иемденіп, 400 000 000 теңгеден астам материалдық шығын келтірді.
"Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, ер адам күдікті деп танылды. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда", - деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаменті тергеу басқармасы бөлімінің бастығы Әділ Салаев.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
