Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұхамеджан Тазабеков полицейлер туралы: Жетім көңіл, жыртық жүрек жамала ма?

Тазабеков полицейлер туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мұхамеджан Тазабеков тәртіп сақшылары күніне орай желідегі парақшасында жазба қалдырған. Қоғам қаталданған сайын, полиция қызметкерлері сол қоғамға қарай бейімделетінін жеткізді ол. Әлемнің қай қаласын алып қарасақ та, тіпті меккеде де жағдай мәз емес екен.

"Дүние жүзінің қай елінде де полиция қаталдықтың, тәртіптің, суықтықтың символы екені өтірік емес. АҚШ-та бағынбаған тұрғынды полиция атып тастайды. Қасиетті Меккенің өзінде жұртқа кедергі жасаған пендені намаз оқып тұрса да желкелеп отырып, сыртқа итерген құқық қызметкерлерін талай көрдік. Қазір әлем солай", - деп жазды ол.

Жылаған әйел қауымына жаны ашыған ол ер азаматтардың намысын оятпақшы болған. Алаңға шығудың өзін байланыстыра жазып, салдар бар, себеп жоқ, анықталмаған деп ашынды. Бұндай заттардың орын алуы ер адамдардың кесірінен дейді Тазабеков. Өйткені еркегі мықты болған ел анасын жылатпайды.

"Еркегі мықты елдің анасы алаңда жылаушы ма еді? Біз туыстық құндылықтан алыс жүрген Еуропа жұрты емеспіз ғой. Жылған ананың әкесі қайда? Қамқор жары, арқа сүйер баласы қайда? Мұңын тыңдап, мауқын басатын, сырын ұғып, уайымын кетіретін ағасы қайда, бауыры қайда? Олар болмаса, жарайды өкімет өлтірмес. Бір қажетін ашар, баспанасын ба, басқасын ба тауып берер. Бірақ, жетім көңіл, жыртық жүрек жамалар ма? Жетім бала, жесір әйел тағдыры тұғырын табар ма? Алаңда жылап жүріп, салдарын шештік, себебін біреу табар ма?" - дейді Мұхамеджан Тазабеков.

Құқық қорғаушылар мен халықтың арасына от салып, тыныштықты бұзатындардың бар екенін жасырмады Тазабеков. Қозғаушы күштердің әрекеті басылмайынша елде тыныштық болмайтынын, гүл алған жігітті жыр қылғанның пайдасы жоқ екенін айтты ол.

"Біздің де кейбір дұшпандарымыздың арманы құқық қорғаушылар мен құқы қорғалу керек xалықтың арасына осындай дұшпандық салу екені анық. Әзірше, әрине гүл берген бүлдіршін мен жымиған сақшының сәтті суретін талқылап, жүздескендерін жүз күн әңгіме қылармыз. Бір-ақ, елде тыныштық сақталмаса, қоздырғыш күштердің әрекеті тоқтамаса, бәрі де бекер", - дейді ол.

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Онкологиялық аурулар тегін емделеді": Елімізде қатерлі ісікке шалдыққандарды шетелде емделуге үгіттейтін компаниялар анықталуда

Қайдарова: Қатерлі дерттен емделу үшін, шетелге барудың ешбір қажеті жоқ

Тоқаев елімізде пәтерді жалға беру нарығын реттеуді тапсырды

Президент: Тұрғын үй құрылысының өзіндік құнын жүйелі түрде төмендету керек

"Жанын алғандай қатты шыңғырды": Ақтөбеде келіншек жеке клинкада емделіп жатып көз жұмды

Жақындары марқұмның өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр

"Орамал тақпаймын!": Оқушы қыз әкесінің хиджаб киіп, намаз оқуға мәжбүрлейтінін айтып араша сұрады

Оқушы қыз әкесінен қатты қорқып қалғандықтан, отбасын көргісі келмейтінін айтады

Тәрбиеші бүлдіршінді тұншықтырған: Қарағанды облысында сұмдық оқиға орын алған балабақша жабылды

Белгілі болғандай, балабақша заңсыз жұмыс істеген

"Беті бері қараған жоқ": Дәрігерлер күйеуі бензин құйып өртеп жіберген әйелдің жағдайы туралы

Дәрігер: Тірі қалуға мүмкіндігі бар деп айтуға әлі ерте

Алматыда көліктегі адамдарды ыстық судан құтқарған жүк көлігінің жүргізушісі марапатталды

Ер адам ерлік жасадым деп санамайды

"Құдай үшін қоқысты жинаңыздаршы": Маңғыстауда қыдырған америкалық туризмді дамытудың жолын айтты

Милос Пиервола: Ұлттық валюталарыңызда бейнеленген жерге бардым. Полигонда жүргендей болдым

Кәрістер мен қытайларға қызмет көрсеткен: Алматыдағы караоке-бар жезөкшелер ордасы болып шықты (видео)

Караоке-бардан 14 жеңіл жүрісті қыз бен оңтүстік кореялық азаматтар ұсталды

Ыстық су атқылады: Алматыда тағы да жылу желісі жарылды (видео)

«Алматы жылу желісіндегілер" оқиғаға қатысты пікір білдірді
Çàãðóçêà...