Моторлы қайық әйелдің басын жұлып кеткен: Сот 17 жастағы депутаттың ұлына үкім шығарды
Батыс Қазақстан облысының ювеналды соты абайсызда кісі өлтірді деп айыпталған 17 жастағы Артем Крыловқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой Город" порталына сілтеме жасап.
Судья Жанар Ешпанованың төрағалығымен өткен сот Артём Крыловты абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекеті үшін кінәлі деп танып, оған бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Сот отырысы жеңілдетілген тәртіпте өтті, өйткені айыпталушы кінәні мойындады. Артем Крылов 5 тамыздан 22 қыркүйекке дейін қамауда болды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ және оған шағым түсіруге болады.
Еске салайық, қайғылы оқиға 2020 жылдың 6 маусымында кешке Шаған өзенінің жағасында болды. Өзенде шомылып жүрген Екатерина Ананьеваны жоғары жылдамдықпен келген катер соғып кеткен.
- "Баланың өмірін ойрандағымыз келмеді": Оралда басын қайық жұлып кеткен әйелдің туыстары кінәлі жайлы
- Оралда әйелді катермен қағып өлтірген депутаттың 17 жастағы ұлы түрмеден босатылды
5 тамызда қылмыс жасады деген күдікті - 17 жасар Артем Крылов қамауға алынды. Депутаттың отбасына тиесілі қайықтың қозғалтқышынан марқұм әйелдің шашы мен қаны табылды. Сот күдіктіні қамауға алуға санкция берді. Іс үлкен қоғамдық резонанс тудырды.
Бұған дейін Артем Крылов облыстық мәслихат депутаты және өңірге танымал кәсіпкер Валерий Крыловтың ұлы екені хабарланған.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
