Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Моншада суретке түскені үшін семейлік полиция қызметкерлері жазаланды

Семейде шектеу шаралары кезінде монша кешенінде демалған полицейлер жазаланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бір күн бұрын әлеуметтік желілерде қаладағы моншалардың бірінде полиция қызметкерлерінің ұжымдық фотосуреті пайда болды. ШҚО ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасында қызметтік тергеу жүргізілді. 29 қаңтарда учаскелік полиция инспекторлары Орталық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Сұңғатовпен бірге монша кешеніне барғаны белгілі болды.

"Тексеру нәтижелеріне сәйкес, қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін Орталық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Сұңғатов атқаратын қызметінен босатылды. Учаскелік полиция инспекторлары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп түсіндірді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, өз міндеттерін адал атқармағаны және жеке құрамның бақылаусыздығы үшін бірқатар лауазымды тұлғалар Семей қаласының полиция басқармасы мен Семей қаласының Орталық полиция бөлімінен босатылды.

Монша кешеніндегі полицейлерге қатысты уәкілетті органға (ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті) санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін тиісті материалдар жолданды. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 16 Ақпан, 2021 16:15
Талқылау