"Жер дауына байланысты митингілер кезінде алаңдағыларды ұстауға бұйрық берген": Министр Саясат Нұрбек пікір білдірді
Қазақстанның жаңа Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ант қабылдау рәсімінен кейін журналистердің сұрағына жауап берді. Онда ол 2016 жылы Алматыда жерді сатуға қарсылық ретінде өткен митингілерді басу кезінде рөлінің қандай болғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
2016 жылы Жер кодексіне енгізілген өзгертулерге қарсы наразылық басталғанда Саясат Нұрбек Алматы қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарған. Бұған дейін ақпарат беттерінде жаңа министрдің наразылыққа қатысқандар мен журналистерді ұстауға тікелей бұйрық бергені туралы ақпарат тараған еді.
Алайда министр ол кезде өзі басқаратын мекеменің полиция мен прокуратураны басқаруға, адамдарды ұстауға бұйрық беріп, қамауға алуға рұқсат беруге құзыреті болмағанын айтып, ақталды.
- "Балалары шетелде оқитын шенеунік": Жаңа ғылым министрі - Саясат Нұрбек жайлы не белгілі?
- Ғылым министрі Саясат Нұрбек: Салафизмге ешқандай қатысым жоқ
"Мен митингілерге заң мен тыныштықты сақтап тұру үшін, ол жерде құдай сақтасын, ешқандай қан төгілмей, заң бұзушылықты болдырмас үшін баруыма тура келді. Сол жылдардағы қайғылы оқиғалар естеріңізде болса, мен басынан аяғына дейін оқиғаның ортасында болып, процесті бақылауға тырысқан санаулы мемлекеттік қызметкерлердің бірі болдым. Мен жерге қатысты митингілерден кейін арыз жазып, жұмыстан шығу арқылы өз ұстанымымды білдірдім", - деді министр үкімет отырысынан кейін.
Еске салайық, Саясат Нұрбек 11 маусымда Ғылым және жоғары білім министрі болып тағайындалды. 11 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрлігін екіге бөлу туралы қаулыға қол қойып, Асхат Аймағамбетов оқу-ағарту министрі болды.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
